• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Шілде, 13:31:13
Қазақстанда кредит беру шарттары өзгереді

07 Қазан, 2016 NEWS

Атырауда келініне тіл тигізген енеге айыппұл салынды

Атырауда әйел адам келінін балағаттағаны үшін айыпталды, - деп хабарлайды 

Атырауда әйел адам келінін балағаттағаны үшін айыпталды, - деп хабарлайды  Qamshy.kz Тengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы азамтшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әйел 2016 жылдың қыркүйек айында бұрынғы келінінің ар-намысына тиетін дөрекі сөздер айтып, былапыт сөйлеп, яғни, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот істің мән-жайларын зерттеп, сот әйел адамды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 21 210 теңге айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Омар 07 Қазан, 2016

Масқара енды келындер құтыратын болдығой