• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:52:58
Алматы
+35°

09 Қазан, 2016 Денсаулық

Офистердің ауасы адам миына зиянды

Жуырда шет ел ғалымдары офистегі ауаның адам денсаулығына тигізетін әсеріне қатысты зерттеу жүргізіп, нәтижесінде компьютерлер шоғырланған бөлменің ми жұмысын...

Жуырда шет ел ғалымдары офистегі ауаның адам денсаулығына тигізетін әсеріне қатысты зерттеу жүргізіп, нәтижесінде компьютерлер шоғырланған бөлменің ми жұмысын нашарлатып, өмір жасқа да кері әсер тигізетіні дәлелдеді.  

Қала тұрғындарының 80 пайызы өмірін негізінен жабық мекеме ішінде өткізетіні мәлім. Автокөліктері ағылған көшеге қарағанда офистің іші адамға анағұрлым жайлы әрі ауасы да тазарақ деп ойлайды кейбіреулер. Бірақ ең таза деген мекеменің өзі біздің денсаулығымызды білдіртей құртатын фактор екен. Бүгінде офис атаулы химия аралас құрылыс материалдарынан жасалып, заманауи техникамен жабдықталған. Ал осы техника мен жасанды құрылыс материалдарынан бөлінетін улы заттар ондағы қызметкерлердің ағзасына орасан нұқсан келтіреді.

Оpen plan форматындағы, яғни көп адам бір жерде шоғырланып жұмыс істейтін ашық түрде офистердегі ауа мекеменің басқа түрлеріне қарағанда көбірек ластанады.

Ғалымдар мынандай зерттеу жүргізіпті.

Бір офистің қызметкерлерін екі топқа бөліп, әртүрлі мекемеге орналастырған. Бір мекеменің ішін күн сайын жуып, тазалық жұмыстарын жүргізіп отырған. Ал екінші мекемеге еш өзгеріс енгізбеген. Тіпті ауасын да желдетпеген.

 Нәтижесінде ауасы жиі-жиі желдетіліп, күн сайын тазалық орнатылған офистегі қызметкерлер тазалығы жоқ офистегі әріптестеріне қарағанда екі есе көп жұмыс істеп, еңбек өнімділігі жақсы болған.

Қорытынды: Лас офис қызметкердің ми жұмысын тежейтін басты фактор екен.

Әзірлеген: Дана Қамшыбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір