• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:01:51
Алматы
+35°

12 Қазан, 2016 Әдебиет

Алматыда «Хамаңның» ғасырлық тойы өтті

Алматыда қазақ поэзиясының көрнекті эпик ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай...

Алматыда қазақ поэзиясының көрнекті эпик ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті.

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген салтанатты кешке қала әкімдігінің өкілдері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақынның ұлы Мұрат Ерғалиев тағы басқа зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер қатысады. Белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет мерейтой иесінің бар болмысын ашып беретін баяндама жасады. Ақын арнайы дастан арнаған Құрманғазыатындағы оркестр Құрманғазы күйлерін күмбірлетсе, Рамазан Стамғазиев, Нұржан Жанпейісов, Жанаргүл Сәркенова, Фархат Кубеев, Қайыржан Бердібаев сынды әншілер әр алуан тақырыптағы әндерді шырқады. Сонымен бірге ақын өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, өлеңдері оқылды. Ғасырлық тойы арқылы көрнекті қаламгердің рухына тағзым жасалып, елге еткен еңбектері тағы бір сәт жұрт жадында жаңғырды.

Хамит Ерғали (14.10.1916-13.12.1997) Гурьев облысының  Новобогат  ауылында (қазіргіАтырау облысы, Исатай ауданы,  Хамит Ерғали атындағы ауыл) дүниеге келген. 1939 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне қабылданды. 1940-45 жылдары Совет Армиясының қатарында, Ұлы Отан соғысының майдандарында болды.1945-50 жылдары Республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, 1959 жылға дейін Қазақстан жазушылар Одағының поэзия секциясының, Қазақтың Мемлекеттік көркем əдебиет баспасы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.1959 жылдан өмірінің ақырына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан.«Əке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдыңқызы», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Оралдағы отты түн», «Аңыз ата»,«Қыз-хисса»,«Жылдар, жылдар», «Суыт жүріс», т.б. дастандары бар.Аудармашы ретінде Пушкин мен Лермонтовтың, Шекспир мен Байронның, Софокл,Науаи, Ш.Петефи, Маяковский, Р.Гамзатов туындыларын қазақ оқырмандарынажеткізді.Қырғыздың «Манас», қарақалпақтың «Қырық қыз» атты халықтық жырларынқазақшалады.В.Шекспирдің соннеттерін аударғаны үшін ол 1996 жылыБритания королевасының алғыс хатына ие болған.

Азамат Алаштегі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір