• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:38:11
Алматы
+35°

18 Қазан, 2016 Аймақтар

«ШАҒЫН ЭКСПО-2016» инновациялық идеялар көрме-байқауы

2016 жылдың 21 қазанында, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Жанашыр» Халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорымен...

2016 жылдың 21 қазанында, сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі «Жанашыр» Халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорымен бірлесіп, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша ұйымдастырған «ШАҒЫН ЭКСПО-2016»  атты инновациялық жобалар байқауының көрмесі  ашылады.

Байқау мақсаты - Алматы қаласының тұрғындарын «Экспо-2017» көрмесіне шығармашылықпен белсене қатысуға шақыру, азаматтардың инновациялық идеяларын қолдау және ынталандыру. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне жергілікті өңірлерді насихаттау және аймақ тұрғындары есебінен қатысушылар санын арттыру болып табылады.

2012 жылдың 22 қарашасында Париж қаласында өткен  EXPO Халықаралық көрме бюросы Бас ассамблеясының 152-нші сессиясы шешімімен кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесі Астана қаласында өткізілетіндігі жарияланғандығы мәлім.

Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған EXPO бүкіләлемдік көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық ауқымды оқиға. Осыған сәйкес, халықты жұмылдыру, бір кісідей ат салысу мақсатында музей қабырғасында ұйымдастырылып отырған «ШАҒЫН ЭКСПО-2016»  көрмесі  Елордамыз Астанада өтетін бүкіләлемдік шараға өз үлесін қоспақ.      

 «ЭКСПО-2017» көрмесінің негізгі идеясы жаңа энергия көздерін іздестіру, қолдану болғандықтан, аталмыш «ШАҒЫН ЭКСПО-2016» инновациялық идеялар көрме-байқауының негізгі тақырыбы да үздік жас өнертапқыштардың өнертабыстары, жаңа технологиялар жетістіктерінің байқауы болып табылады.

Көрмеге Алматы қаласындағы 40-тан астам өнертапқыштың жобалары қойылады.   

Аталған байқау қатысушылары «Ең үздік өнер­табыс»; «Ең үздік өнертапқыш әйел»; «Ең жас өнертапқыш»; «Жас дарын»; «Ең белсенді өнертап­қыш» деген  аталымдар бойынша бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Үздік шыққан идеялар мен өнімдер Астанада өтетін «Экспо-2017» көрмесіне жолдама алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір