• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:17:35
Алматы
+35°

19 Қазан, 2016 Әлеумет

Макс пен Талғаттың соты шиеленісе бастады

Бүгін №2 Атырау қалалық сотында Макс Боқаев пен Талғат Аян ісі бойынша сот отырысы өтіп, онда маңызды куәгерлерден жауап алынуы тиіс болатын. Отырыс барысында...

Бүгін №2 Атырау қалалық сотында Макс Боқаев пен Талғат Аян ісі бойынша сот отырысы өтіп, онда маңызды куәгерлерден жауап алынуы тиіс болатын. Отырыс барысында туған келеңсіздік салдарынан сот отырысы түстен кейін жалғасатын болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Таңертең сот отырысына айыпталушылардан Талғат Аян ғана келген болатын. Ал Макс Боқаев денсаулығына байланысты отырысқа қатыспаймын деп өтініш жазған. Осыған байланысты М.Боқаевтың қорғаушылары оны ұрып-соғуы мүмкін, сондықтан айыпталушыға білікті медициналық көмек көрсетілуі керек деді. Алайда, сотқа төрағалық етіп отырған Г.Дәулешова М. Боқаев осылайша сотқа құрметсіздік көрсетті деп сот отырысын өткізе беретінін жеткізді.

Сондай-ақ, Т. Аян түнде тергеу изоляторында қолының тамырын кесуге әрекеттенгені хабарланды. Сот отырысында судья Г. Дәулешова айыпталушының денсаулығынан үлкен кінәрат табылған жоқ деп, сәйкес медициналық анықтаманы оқып берген. Анықтамаға сәйкес, Талғат Аянның екі қолының шынтақ тұстары сырылып, зақым келген. Талғаттың адвокаты әрі әкесі Төлепқали Аянов бұл оқиға туралы тергеу изоляторына екінші айыпталушы Макс Боқаевтың денсаулық жағдайын білуге барғанда кездейсоқ білгенін айтады. 

Айыпталушылар М. Боқаев пен Т. Аян және олардың қорғаушылары «Төлешовтің Т. Аянға ақша бергенін растайтын» куәгерлердің бейнебайланыс арқылы емес, Атырауға келіп, сот залында куәлік беруін талап етуде.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың сәуір айында Атырауда өткен жер митингісіне байланысты айыпталған Т.Аян мен М. Боқаевтың ісі сотта қаралуда. М.Боқаев пен Т.Аянға ҚР Қылмыстық кодексінің үш (174, 274-б, 4-тармақ, 400-б.) бабы бойынша айыптар тағылуда.

Бұған дейін бейнеконференция арқылы шымкенттік кәсіпкер Т. Төлешов сотта куәлік берген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір