• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:08:09
Алматы
+35°

23 Қазан, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Әзімбай Ғали: Үштұғырлы тіл - Қазақ тіліне қарсы жасалған соққы

Қазақ тілі тағдыры туралы мақаланы (Сулпактағы және полицияның мемлекеттік тілге енжарлығы туралы) біреулер орысшаға аударып суретпен беріпті. Соған...

Қазақ тілі тағдыры туралы мақаланы (Сулпактағы және полицияның мемлекеттік тілге енжарлығы туралы) біреулер орысшаға аударып суретпен беріпті. Соған қарағанда, қазақ баласы мемлекеттік тіл мәселесіне мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді (70 мың адам фейсбуктегі жәриялымды оқыпты). Менің мақсатым бұл мәселені шешіп беру емес бұл тауқыметтің бар екенін көрсету, ал билік тарапынан пәрменді іс сұраймыз, әйтпесе биліктің қазақ арасында сүйкімі азайуы ықтимал. Парламентте қазақ тіліне жанашырлар жоқ емес, бар, оларға да біздің мақаладағы уәж олардың жұмысына қосымша сеп болса дейміз. Өкінішке орай, биліктегі орысшыл лобби орынсыз реформаларды қайта қайта ұсынуда, олардың астары мемлекеттік тілді істен шығару болмақ. Айталық,

  • латыншаны енгізу: қазақты қайтадан сауатсыздыққа апарып мемлекеттік сферадан қазақ тілін ысырмақ еді. Көрші ел Өзбекстан әлі де латыншаны орнықтыра алмай келеді.
  • Қазақстандық ұлт концепті: енді қазақ деген ұлт жоқ ,екі мемлекеттік тіл бар деп соқты.Қазақ тілін тағы да сырттақысы келді. Екі ұлт сана қазақ және қазақстандық ұлт. Сол жолмен қазақтың ұлт санасын ыдырату қойылды.
  • Билік лабораториясына шыққын қазақ тіліне жасалған үшінші соққы - ол үш тұғырлы тіл деп аталды. Қазақ баласы орысша, ағылшынша және қазақша оқу керек еді. Бұл терең ойластырған қазақ тіліне қарсы жасалған соққы еді. Қазақ мектебі онсызда бәседе жеңіп келе жатқан (90% қазақ баласы қазақ мектебін таңдаған еді), сол үрдісті тоқтату үшін жасалған әрекет іске аспақ еді. Қазақ билігінде орысшыл пиғылдылар қайта қайта бізге мемлекеттік тілді орнатуға қарсылық білдіріп, қиындық туғызуда. орыс пиғылдылар билігі ескі отаршылдар дан кем түспей тұр.

​Әзімбай Ғалидың Фейсбук парақшасынан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір