• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:09:44
Алматы
+35°

25 Қазан, 2016 NEWS

Жапондық шебер ескі теледидар мен желдеткіштерден музыка аспабын жасады

Жапонияда тұратын Эй Вада есімді жас суретші  ескі теледидар мен желдеткіштен неше түрлі музыкалық аспаптар жасайды. Бұл туралы "Қамшы"...

Жапонияда тұратын Эй Вада есімді жас суретші  ескі теледидар мен желдеткіштен неше түрлі музыкалық аспаптар жасайды. Бұл туралы "Қамшы" порталы  "Популярная Механикаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде жапон бұқаралық ақпарат құралдары Эйдің қолынан шыққан музыкалық аспаптардың ғажайып үні туралы жарыса жазуда. Ескі желдеткішті гитараға айналдырған Эй істен шыққан теледидарларды жинап, керемет үн шығаратын музыкалық аспап жасаған. Ол ескі радиоларды да пайдаланды екен. Ескі техникадан музыкалық аспаптар жасаудан Эйдің өзі үлкен ләззат алатын көрінеді. "Мен осындай музыка тудыру үшін дүниеге келген сияқтымын" дейді шебер.

Дайындаған Дана Қамшыбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір