• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:02:40
Алматы
+35°

26 Қазан, 2016 NEWS

Сұмдық видеоның салдары: Қатыгез әйел аналық құқығынан айырылды, қызы балалар үйіне өтіп кетті (ФОТО) (ВИДЕО)

Анасынан соққы көрген Павлодардағы үш жасар қыз балалар үйіне өткізілді,- деп хабарлайды

Анасынан соққы көрген Павлодардағы үш жасар қыз балалар үйіне өткізілді,- деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, баласын соққан әйел екі баланың анасы, ең кішісі — 3 жасар Айлин Қасымова қаладағы балалар үйіне орналастырылған, ал 8 жастағы әпкесі Айғаным әжесі мен атасының қолына беріліпті.

Білім басқармасындағылардың айтуынша, қыздың әкесі видеодан әйелін танып, 25-қазанда полиция бөліміне арыз жазған. Арызында ол бұрынғы әйелі Нұргүл Докуоваға қатысты шара қолдануды сұраған. Ер адам бұрынғы әйелінің балаларды ұрып-соғу жағдайы көп болатынын айтқан.

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, әйелдің бұрынғы күйеуі баланы өз қолына алғысы келеді екен.

Ал баласын аяусыз ұрып-соққан әйел Павлодар мұнайхимия зауытында оператор болып жұмыс істейді.

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты іс қозғалғаны белгілі. Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында «Мама, тоқтат!» деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ болады, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.

Нұпгүл үлкен қызы Айғаныммен

Кейін Павлодарда қызды ұрып-соққан видеоны таратушы оқиғаның мән-жайын айтып берген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір