• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:37:32
+35°

30 Қазан, 2016 Спорт

Айдар Шәрібаев қарсыласын жеңді

"Алматы Аренада" шаршы алаңға көтерілген екінші жұп Айдар Шәрібаев (Қазақстан) - Хуан Окура (Испания) бәскесінде жерлесіміз жеңді. Жерлесіміз...

"Алматы Аренада" шаршы алаңға көтерілген екінші жұп Айдар Шәрібаев (Қазақстан) - Хуан Окура (Испания) бәскесінде жерлесіміз жеңді. Жерлесіміз бірінші раундта осалдау түсіп, көңілімізді қобалжытқан, екінші раундта қарсыласынан басым түсті. Ал, үшінші раундта айқын басымдылық көрсетіп, қарсыласын қуалап жүріп соқты. Алайда, соңғы секундта қатты соқып жіберіп алды. Төртінші раундта жерлесіміз де, қарсыласы да қатты шабуылдар жасай алмады, шаршағаны байқалды. Бесінші раундта болса, Айдардың қолғабының бауы шешіліп кетіп, шамалы үзіліс болды. Дегенмен Айдар испандыққа бірнеше соққысын сәтті дарытты. Алтыншы раунд Хуан Окураның шабуылдауымен басталды. Айдар да қарап қалмай, бірнеше рет құлаштай сермеді. Солай болса да, жерлесімізге қарағанда испандық тың көрінді. Төрешілер жеңісті Айдарға берді.

Айдар Шәрібаев бір айдан астам уақыттың ішінде екінші жекпе-жегін өткізді. 24 қыркүйек күні отандасымыз грузиялық Заза Амирадзені бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Бұл жолы испан боксшысы Хуан Окурамен жұдырықтасты. Испандық осыған дейін кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізген. 11 кездесуінде жеңіске жетіп, 1 жекпе-жегін тең аяқтаған. Қалған кездесулерінде жеңілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір