• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:10:02
Алматы
+35°

02 Қараша, 2016 NEWS

Семейде кішкентай қызын суға лақтырдым деген келіншек сәбиін сатып жіберуі мүмкін (Видео)

Семейде бір жарым жасар қызын Ертіске ағызып жібердім деген келіншектен күйеуінің жақындары күдіктене бастады. Өйткені тергеу барысында келіндері жұдырықтай...

Семейде бір жарым жасар қызын Ертіске ағызып жібердім деген келіншектен күйеуінің жақындары күдіктене бастады. Өйткені тергеу барысында келіндері жұдырықтай Айшаны суға нақты қай жерден тастағанын айтпай, үш жағалауды көрсетіп әлек болған. Тіпті, одан психикалық ауытқу тұрмақ, өкініштің табы да байқалмайды дейді күдіктенушілер. Сондықтан бұл әйел баланы жасырып отыр, не болмаса сатып жіберді деген ойда.

Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды. 

Оқиға осыдан бір апта бұрын болған еді. Күйеуімен арадағы жанжалдан кейін 24 жастағы Айсұлу қаршадай қызын қолына алып Ертіске беттеген. Басында өзімен қоса баласын да өлтірмек болған келіншектің жеме-жемге келгенде жүрегі шыдамаған көрінеді. Алайда ағыны қатты өзенге Айшаны ғана тастап жіберіпті. Ал қыздың шырт ұйқыдағы әкесі ұрыс-керістен кейін әйелі жан түршігерлік жағдайға барады деп ойламаған.

Айдын Серікболсынов, Айшаның әкесі:

-Ертістің жағасына жарық  түсірсем күртеше  жатыр. Бірден суға секірдім. Түссем жоқ. Өзім батып кете жаздадым. Суық. Аяғым тартылып қалды.

Содан бері суды сүзген сүңгірулер 1 жарым жастағы баланың денесін қанша шарлағанымен таба алатын емес. Ал туыстары келіндерінің қылығына сенбейді. Өйткені олар қызының киім-кешегін көрсе де, жүрегі селт етпеген анадан секем алып отыр. Тіпті келіншек тергеушілердің өзіне нақты қай жерден ағызғанын дәл көрсете алмаған. Осыдан кейін туыстары баланы жасырып отыр не сатып жіберді деген тұжырымға келіпті.

-Ешқандай өкініш болған жоқ. Соның бәрін тергеушілерге қалыпты түрде көрсетті. Жылаған да жоқ.

Нұрлан Сайлауханұлы, Айшаның атасы:

-Иттің күшігін суға лақтырсан өзі барып алып шығады. Мынау, адам ғой енді. Жәндік емес, аң емес. Меніңше ол өлтірген жоқ. Бір жерге тығып тастаған сияқты. Соны ұқпай отырмыз.

Айсұлудың денсаулығында бұрын-соңды ешқандай ауытқулар болмаған екен. Көршілерімен де, достарымен де қарым-қатынасы жақсы. Олар да, оның бұл жағдайға баруы мүмкін емес екенін алға тартуда. Көршілері ерлі-зайыптылардың жанжалдасып жатқанын да бұрын байқамаған.

Наталья Зайцева, көршісі:

-Оның бір көгеріп жүргенін көрмедік. Айдын да қол көтермейтін. Ол арақ та ішпейді. Еңбекқор. Бұларда барлығы жеткілікті. Көшеде балаларын серуендетіп жүретін. Естігенде барлығымыз жағамызды ұстадық.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан полиция қандай да бір мәлімет беруден бас тартты. Тек белгілісі, бүгінде бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Баласын суға тастадым деген Айсұлу сәби денесі табылмағандықтан қолхатпен босатылыпты. Ал жұдырықтай Айшаны тірі деп үміттеніп отырған туыстары енді көріпкелдердің көмегіне жүгінбек ниетте.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір