• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:35:24
Алматы
+35°

05 Қараша, 2016 NEWS

Дәурен Абаевтың Esquire.kz журналына берген сұхбаты (қазақша нұсқасы)

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевпен журналист Гүлнара Бажкенова сұхбаттасты.  Сұхбатта журналистер еркіндігі, әлеуметтік желі, ұлттық...

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевпен журналист Гүлнара Бажкенова сұхбаттасты.  Сұхбатта журналистер еркіндігі, әлеуметтік желі, ұлттық бренд пен Президенттің сүйікті блогерлері жайлы айтылған.  Еsquire.kz. сайтында жарияланған сұхбатты редакция рұқсатымен  ықшамдай отырып, «Қамшы» ақпарат порталы сіздерге ұсынады!

 — БАҚ-қа қатысты заңға жаңа түзетулер дайындадыңыздар. Журналист қауымы үшін жақсы жаңалықтар бар ма?

 — Гамбургтік есеп бойынша біз журналистика мамандығын жеңілдетуге тырысудамыз.  Түзетулер журналистердің қызығушылықтарымен жасалды.  Біз алып тастайтын заттар көп, мысалы шенеунікке сұранысты газеттің бас редакторы емес, кез-келген  уәкілетті адам жасай алады. Бұл оперативтілік  процессін жеделдетеді.  Бұл тек бір ғана мысал, бірақ  неге екенін көпшілігі ақпаратты тексеріп алу туралы  міндеттемені ғана есте сақтап қалады. 

Кез келген кәсіби маманның ақпаратты тексеруі тікелей міндеті емес пе, ал мұны көпшілік қынжыла қарсы алып жатты. Бірақ, барлық әлемде журналистке ортақ нәрсе  — естіген жаңалығын нақтылау. Ол үшін баспасөз қызметіне немесе  сол ақпаратты жетік білетін адамға екі-үш қоңырау шалу, оқиға орнына бару сияқты факт-чекинге жүгіну керек.  Егер, кәсіби журналист ақпаратты тексеріп, өз дәмдеуішін қоса отырып берсе, сонда ғана кәсібиліктің шыңында  болады деп ойлаймын.

 — Сіздің мекеме мониторинг жүргізіп,  журналистердің жаппай тексерілмеген, күмәнді ақпарат беретінін анықтаған, бұған не дейсіз?

Шынымен де журналистердің тексерілмеген ақпараттарды әлеуметтік желіден алып, өз ресурстарында жариялағаны туралы  фактілер бар.  Менің ойымша,  кейбір БАҚ өкілдері ақпараттың шынайылығын тексеруді мүлдем қойған сияқты. Бұл аудиторияны өзіне тартып, берілген ақпаратты коммерциализациялау мақсатында жүзеге асатын сияқты.

 — Қалай ойлайсыз, мемлекеттік арналар қоғам картинасын,  қазақстандық қоғамда болып жатқан пікірлер палитрасын бере алып жатыр ма? Көрерменнің өз ақшасына  жасалынып жатқан міндеттерін дұрыс атқаруда ма?

 — Әрине! Сіз сонда не демексіз?

 — Мен цензура турасында айтып отырмын.

 — Сіз қалай ойлайсыз?   Министр, министрдің орынбасары, комитет мүшелері материалдар эфирге шыққанға дейін оларды тексере ме?  Бұл мүмкін емес қой. Редакция мұнымен өзі айналысады.

 — Цензура жүйелі түрде жүзеге асады, дегенмен мемлекеттік арналардың мәтінді  Президент әкімшілігіне тексерткен кездері болды.  Қазір, ондай цензура болмаса да, цензура бізде жүйелі. Егер, журналист оппозиция митингі жайлы дұрыс ақпарат бермей, редактор оны өткізіп қойса, екеуін де жұмыстан шығарады. Мұндай оқиғалар орын алған.

 — 10-15 жыл Хабарда жұмыс істеген бір журналист Ресей мен Ұлыбританияда тілші болған.  Тілшілік пункт жабылатыны туралы әкімшілік  шешім  қабылданған кезде,   ол журналистің  кенеттен «көзі ашылып» бұлай жұмыс істей алмайтынын түсініп,  Қазақстанда сөз еркіндігі жоқ екенін жар сала айтты!  Ол кісіге өз отанында жұмыс істеуді ұсынған болатын. Бұл күлкілі жағдай.  Ол адам Лондонда тұрған он жыл бойына үнсіз жүріп, келісім шарт мерзімі бітуге тақаған кезде цензура есіне түсе қалыпты.

  — Мен бұл мысалды ары қарай талқылап, ушықтырмаймын. Бірақ, мен  сіздің аузыңыздан мынаны анық білгім келіп тұр, сіздіңше, біздің телеарналарда цензура жоқ па?

 — Жүйелі цензура жоқ. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс деген түсінік бар. Мемлекет көзқарасы тарапынан жариялануға тиіс тақырыптар болады.  Кейде олардың көп болып кетуі де әбден мүмкін.  Біз  денсаулық саласындағы немесе индустриализациядағы мемлекеттік бағдарламаларды жариялатармыз және тағы сол сияқты.  Біз мемлекеттен келетін ақпарат ағынын баланстаумен жұмыс жасаймыз. Қалғаны редакцияның қарауында.

 —  Демек, мемлекеттік газет пен телеарнаның жұмыстары көңіліңізден шығады ғой...

 — Жалпылама айтсақ, иә.

 — Онда, сіздер неліктен  қорқасыздар? Билікте өте үлкен, жойқын ақпараттық ресурс бар. Сіздер алаңдаушылық туғызып, болмайтын блогерлерден қорқып жатасыздар?

 — Біз қорықпаймыз.  Біз тек жүйелі және нәтижелі түрде жұмыс атқарғымыз келеді. Мүмкін баз біреулер блогерлердің кей жазбаларына шамадан тыс мән беретін болар. Бірақ, менің пікірімше олардың көпшілікке әсері туралы тым асыра айтылуда.

Менің жеке пікірім, бастысы «дұрыс мемлекет» болу. Бұл турасында,  әлемдегі мемлекеттік брендинг маманы Саймон Анхольттың  айтқаны бар.

Бірақ, мені ыңғайсыз жағдайға қалдыратын жағдайлар да жоқ емес.  Білесіз бе, Қазақстанда мемлекет ақшасына квотамен жүрекке арналған мыңдаған оталар жасалады. Туберкулезбен ауыратындардың саны жарты есеге қысқарды, аналар мен балалар өлімі азайып жатыр.   

12 мың километрлі оптикалы талшықты супермагистраль жасалды. Егер сіз әлеуметтік желілердегі дискуссияны қарайтын болсаңыз, біздің елдегі жағдай нашар сияқты. Тек қана негативтер.  

 — Бірақ сіз күн сайын Хабардан позитив қана айтасыз ғой.

 —  Оның несі жаман?

 — Сіз керек батырманы баспай,  әлеуметтік желіде жылап отыратын қазақстандықтарға ренжіп отырсыз. Сонда өзіңізді жақсы көрсету үшін халықты интернетте де цензураламақшысыз ба?

 — Егер, біз кім не айтып, не ойлайды деген уайыммен жүретін болсақ, елімізді дамыту қиынға соғар еді. Саяси еркіндік деген түсінік бар. Оның бірден-бір көрнекті үлгісі – біздің Президент.  Ол кісінің «бірінші экономика, сосын барып саясат» принціпі  мемлекетіміздің негізін нығайтуға мүмкіндік берді.

Бұл азаматтардың пікірін ескермеу керек дегенді білдірмейді. Бірақ, интернет эпохасы кезінде қоғамдық талқының қыр-сыры мен өзгешелігін есепке алу керекпіз. Онда эмоция көп, рационализм аз.

Мысалыға, 70-ші жылдары «үнсіздік бұралымы» деген психологиялық термин пайда болды, яғни көпшіліктің пікіріне қайшы келетін ойды айтудан адамдардың қорқуы. Әлеуметтік желінің пайда болуымен бұл феномен одан ары күшейді. Қарап отырсаңыз қазақстандық сегментте шағыстыру, жекелеген адамдарды  жаппай обуструкциялау жиілеп кетті.  Әңгіме цензурада емес, өздігімізден реттелуде.

 — Дегенмен, сізде әлеуметтік желіге деген өкпе бар. Және мен сізді түсінемін, себебі кей кездері өзімде оларға ренжіп жатамын, онда хейтер, ақымақ пікірлер  мен бос әңгіме көп. Жақсы нәрселер де жоқ емес.

 — Ешқандай реніш жоқ. Біз бар нәрсеге обьективті түрде қараймыз.   Интернеттің халыққа ақпарат жеткізуде жақсы құрал екенін жоққа шығармаймын және оны мемлекет қолдануы тиіс.

 — Сіз неге адамдар жақсы нәрсені көрмейді деп ойлайсыз?  Мысалы, мен сізді Фейзбукте оқимын, келе сала  7 мың тіркелуші  жинап үлгердіңіз. Фейзбукте бірнеше жыл жүрсем де, әрең дегенде 9 мыңға жеттім.  Сізден лүпілді де аямайды, баспасөз хабарламасынан бір мәтін жарияласаңыз, 200-300 лүпіл дайын тұрады. Мүмкін негативті реакцияны ғана байқайтын өзіңіз боларсыз?   

 — Мен барлығы негатив жазады деген жоқпын. Позитивті жаңалықтар жазып, лүпіл басып, сәттілік тілеп жататын адамдар бар. Біз заманға сай болғымыз келеді.  Жекелікте блогерлерді тіркеуге қатысты да. Шыныменде, біз мұндай мүмкіндік ұсынып отырмыз. Бірақ, бұл процесстің ешкімді күштемейтінін айтқым келеді.  Критерийлерімен біз әлі жұмыс істейтін боламыз.

Мұны не үшін жасағымыз келеді? Мысалыға алсақ,  саяси актуалды  тақырыпта жазатын 100 мың фолловері бар  бір блогер бар дейік.  Қазір мемлекеттік ақпарат тапсырысы аясында 20 мың таралымы бар республикалық газеттермен жұмыс жасаймыз.  Логикалық тұрғыдан кіммен жұмыс істеген тиімді екенін қарастыруға болады. Міне, дәл осыны біз қолға алмақпыз.  Бірақ, бұл үшін белгілі бір құқықтық қатынас керек.

 — Сонда сіздер блогерлердің өз еріктерімен тіркеуден өтіп, мемтапсырыс үшін ақы алғанын қалайсыздар ғой? Бірақ, қалай сіздер блогерге миллион теңге бересіздер, оны ешкім оқымай кетеді.  

 — Бұл әңгімеге бір жылдан кейін оралайық.  Мен сізге бұл норма іске қосылғаннан соң, қортындылары бойынша сұхбат беруге уәде беремін.  Сонда ғана сіз көп нәрсені түсінетін боласыз, ал қазір кей адамдарды сіз тым идеал етіп жібердіңіз.  Блогерлер  – бірыңғай масса емес.

 — Блогосфера  форматы, редакторлық цензурасы   жоқ сала, ал сіз болсаңыз қаласын қаламасын блогерлерді қарапайым еркіндігінен айырғыңыз келеді.

 — Біз ешкімді еркіндігінен айырайын деп жатқан жоқпыз және ешкімге басымдылық бермейміз. Біз алдымен ақпаратты жеткізудің тиімділігін қараймыз.  Бұл бар ақшаны ала салып, блогерлерге бере саламыз дегенді білдірмейді.   Бүтін бір баспа емес, бір адамның тиімділігі бар жағдайлар болып тұрса, біз оны пайдалану керекпіз.  Мемлекеттік ақпарат алаңын, тек мемлекеттік БАҚ-пен тарылтуға болмайды. Біз таргеттеумен бара жатырмыз, бізде халыққа таратқымыз келетін  қызық, пайдалы, әр түрлі жасқа арналған ақпарат бар. Жастар үшін блогерлер арқылы беруге болады. Вайнерлер арқылы берейік! Мемлекет қатып қалған қағидамен жүрмеуі керек.

 — Ол үшін блогерлерді тіркеудің қажеті қанша?

 — Себебі, біз статусы жоқ белгісіз адаммен келісім жасай алмаймыз.

 — Қаламаған адам, өзі жеке жұмыс істей бере ме?

 — Әрине. Бірақ, құқық аясында.

— БАҚ-қа қатысты әрбір жаңа заңды журналистер қызығушылығына қатысты деп түсіндіреді. Журналистер айдынын тарылтып жатқандарымен, сөз бәрібір еркіндіккке ұмтылады – өмір сондай, табиғат сондай. Міне, осы кезде жаңа заң шыға келеді.  

 — Гүлнар, біз сізбен медиаорталықтың жиырмасыншы қабатында отырмыз. Қазір кешкі сағат 8, мен сізге сұхбат беріп отырмын.  Сіз заманауи ғимаратта отырсыз, Ақпарат министріне кез-келген сұрақ қоясыз,  мен сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп отырмын, жауап бермеуге құқылы емеспін. Ал, сіз маған шектеулер туралы шағым түсіріп отырсыз...  

 — Сіздердің министірлік жер митингісінен кейін  соларға реакция ретінде құрылды емес пе?

  — Иә, қабылданған шараларды түсіндіру жағынан проблемалар болған кезде шешімді Елбасы өзі қабылдады. Сол үшін біз барынша қолжетімдіміз.

 — Журналистерге көмектескілері келеді, блогерлерге көмектесікілері келеді,  бизнеске көмек көрсетпек... Мүмкін мемлекетке бәрін өз жайына қалдыру керек шығар?  Азаматтар үшін мемлекеттің бар жақсылығы- оларды жайына қалдыру болар?   

  — Сіздің сөзге ештеңе демей-ақ қояйын. Бірақ, бүгін өмірдің барлық саласында мемлекет иелігіне өту процессі жүріп жатқанын есіңізге сала кетейін.  

 — Менің ойымша, біздің мемлекет кезбе секілді, ол барлық жерде жүргісі келеді, және олсыз мүлдем тыныс алу да мүмкін еместей болуға ұмтылуда.

 — Келіспеймін.  Қазір мемлекет меншігін жекешелендіру қалай жүріп жатқанын көріп жатсыз.  Кеше банктерді сақтап қалу керек болды, мемлекет келді. Сол кезде Самұрық-Қазына құрылды.  Мемлекет деген түсінік кетіп бара жатыр. ол бүгінгі күннің трендіне қарап, ертеңгі, арғы күнгі трендерті болжауға тырысып жатыр.

 — Ең өкініштісі Қазақстан өз ішінде де, мемлекет сыртында да мұнай, коррупция, борат, тоқал сынды түсініктер еске түседі... Сіз қалай ойлайсыз бұл стеротиптерді бір ғана символмен жоюға бола ма?

 — Бұл сіздің субъективті пікіріңіз. Мен үшін Қазақстан – ол Астана. Терезеге қараңыз,  дала, ары қарай таулар, бүркіт, туған ауылымыз, мектеп, отбасы. Кейбіреуде сіз айтқан ассоциациялар болуы мүмкін. Сізде тағы да негатив.

 — Сіз мені дұрыс түсінбеген сияқтысыз. Сұрақ біздің өмірімізді не сипаттайды, адамдардың көңіл күйін дегендей?

 —  Әркімнің өмірге деген көзқарасы әртүрлі. Көптеген позитвиті мысалдар бар.  

 — Сіз Президенттің баспасөз-хатшысы, кеңесшісі болдыңыз, ол кісінің журналистерге деген көзқарасы қандай? Кеңес заманында ол кісіде өзіне зияны тиіп кете жаздаған мақала жазған болатын және осы арқылы біздің мамандыққа деген терең түсіністікті оятатын болар.  

 — Мүмкін,  қандай да бір аяушылық сезімін таныту емес, сіздердің мамандықтарыңызға деген терең  түсіністік деп айту керек шығар. Мен мұны Президенттің бұрынғы хатшысы ретінде сенімді түрде айта аламын.  Жалпы, Елбасы журналистермен барынша ашық сөйлесуге тырысады.

 — Оқырман  Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті газеті қандай?

  —Ол кісі көптеген газеттерді оқиды. Ол міндетті түрде қарайтын газеттер бар. Ол үнемі толықтырылып отырады.  Сіздер Президент үшін БАҚ-тың басты ақпарат көзі екенін білулеріңіз керек.

  —Телеарналарды қарай ма?  Хабар? Қазақстан? КТК?

 — Әлбетте, қарайды.  Бірінші кезекте жаңалықтар. Хабар, Қазақстан және басқа да телеарналарды көреді. Президент тек жаңалықтарды ғана емес, басқа да бағдарламаларды көреді. Спорт, музыка, кино –кәдімгі қарапайым адамдар көретін нәрселер.

 — Президент интернетте отыра ма? Сайттарды оқи ма?

 — Күн сайын маңызды сайттарды қарап отырады. Жаңа айтқанымдай, президент жан-жақты кісі, бір ғана ақпарат көзіне  сүйенбейді.  

 — Сүйікті блогері кім?

 — Мұны  мүмкіндік туғанда өзінен сұрағаныңыз дұрыс болар

 — Сонда да?

 — Айдан Кәрібжанов... әзіл әрине. 

Орыс тілінен аударған: Айжан Қалиева 

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір