• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:40:43
Алматы
+35°

05 Қараша, 2016 NEWS

СІМ: Түркиядағы жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ

4 қараша күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбақыр қаласында болған жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Мұндай ақпарат ҚР Иинвестициялар және...

4 қараша күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбақыр қаласында болған жарылыста Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ. Мұндай ақпарат ҚР Иинвестициялар және даму министрлігінің Фейсбук желісіндегі парақшасында орналастырылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Түркия Премьер-министрі Бинали Йилдырым елдің оңтүстік-шығысындағы Диярбақыр қаласында мина қойылған автокөлік жарылысынан 8 адам қаза тауып, 100-ден аса адамның жараланғанын хабарлады. ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментіне зардап шеккен қазақстандық туристер туралы мәлімет түспеген. Диярбақыр курортты қала емес және елдің туристік аудандарынан алыста орналасқан. ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен тұрақты байланыста. ҚР Иинвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті Түркия аумағында жүрген қазақстандық туристерді мұқият болуға және сақтық шараларын сақтауға шақырады: адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз, тұрып жатқан жеріңізден еш себепсіз кетпеңіз, жергілікті биліктің нұсқауларына құлақ асыңыз; туроператорлар Түркиядағы болуы мүмкін қауіптер туралы туристерді ақпараттандырып отыруы керек», - делінген орналастырылған хабарламада.  


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір