• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:03:08
Алматы
+35°

07 Қараша, 2016 Саясат

АҚШ-та Президент сайлауынан кейін төңкеріс бола ма?

"Комсомольская правда" басылымының шолушысы Евгений Черных Трамп немесе Клинтонның жеңгеніне байланыссыз АҚШ-қа қауіп төнеді деген пікірде. Ол бұл...

"Комсомольская правда" басылымының шолушысы Евгений Черных Трамп немесе Клинтонның жеңгеніне байланыссыз АҚШ-қа қауіп төнеді деген пікірде. Ол бұл пікірін еуропалық басылым беттерінде жарияланған тұжырымдармен бекітеді.

 

Азаматтық соғысқа айналып кетпесе болды...

Германиялық «Tagesspiegel» басылымы "АҚШ-та азаматтық соғыс жүріп жатыр" деген тақырыппен мақала жариялапты. "Республикалық партия өкілі жеңілсе, жемқорлық жүйеге деген әскери қарсылық уақыты туады" дейді мақала авторы.

Америка тұрғындарының арасында бұл сайлаудан кейін "қырғи қабақ соғыс" зорлық-зомбылыққа ауысуы мүмкін деп қауіптенетіндері көп. Бұл қазір көрінбегенмен, болашақта жүзеге асуы әбден мүмкін екен.

Ал немістің "Focus"  басылымы "Сайлау алды кампания азаматтық соғысқа айналып кетті, америкалықтар жауласқан екі лагерге бөлінді" деп жазған.

Швейцарская "Neue Zuercher Zeitung" басылымы да американ қоғамын азаматтық соғысқа тән көңіл-күй билеп тұрғаны туралы жазыпты.

Американың психологиялық ассоциацияның зерттеуі нәтижесінде АҚШ тұрғындарының жартысынан көбі биылғы сайлаудың кесірінен күйзеліске ұшырағаны анықталған. Америка тұрғындары үрей, ыза, түсінен шошу сияқты психологиялық күйзелістерге бұрынғыдан гөрі жиі ұшыраған.

Швейцария басылымы америкалықтардың бірі басшылыққа Клинтон келсе, қаруымызды өткізуге тура келеді, өз қауіпсіздігіміз үшін алаңдайтын боламыз десе, енді бірі Трамп сайлау нәтижесін мойындамаса мемлекет ішінде тәртіпсіздіктер орын  алады деп қауіптенетінін жазыпты.

Ал Майк Адамс деген америкалық интернет журналисі "АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесіне қатысты айтсақ, 95 пайыз жағдайда Америка көшелері қанға батуы мүмкін" деген екен.

 

Егер Трамп жеңсе...

Адамстың ойынша, оның қазіргі жағдайдағы мүмкіндігі 75 пайыз.

Онда демократтар сайлаушылар даусынан ұрлайды (10 пайыз болуы мүмкін).

Трамптың қолдаушылары сайлау нәтижесіндегі жасандылықты мойындамайды. Содан қарулы қақтығыстар орын алуы мүмкін. Азаматтар көшеге шығып, үкіметтік ғимараттарды қоршап, жемқорлыққа қарсы төңкеріс ұйымдастыруға талпынады.

Трамп жеңсе, Обама оның жеңісін дұрыс емес деп бағалайды. Демократтардың өзі демократияны ұнатпайды. Обама мен Клинтон Дональд Трампқа өздігінен билікті бере салмайтыны анық.

 

Клинтон жеңген жағдайда...

Трамп сайлау нәтижесінің заңдылығын тексеруге өтініш береді. Құқықтық процедуралар әскери төңкеріске немесе азаматтардың көтерілісіне ұласуы мүмкін. Наразы америкалықтар Вашингтонда көтеріліс жасайды. Онда жемқорлық жүйені құлату үшін қантөгіс болатыны сөзсіз. Америкалықтардың жартысына жуығы Хиллари Клинтонды Президент ретінде қабылдай алмайды. Өйткені ол өте жемқор және қауіпті деп есептейді сарапшы.

 

"Трамп революция!"

Ал Ресей Ғылым академиясы философия интситутының ғылыми қызметкері Владимир Шалак  "Мұхиттың ар жағындағы жағдай расында күрделі" дейді.

31 тамызда Обама кенеттен америкалықтарды жаһандық апаттарға дайын болуға шақырды. Мысалы, дауыл, жер сілкінісі, терроризм оқиғалары сияқты. Ол тіпті арнайы құжатқа қол қойды. Обама тұрғындарға өмірін сақтандыруды, азық-түлік қорын жинап алуды ескертті. Ал 13 қазанда Обама халқын космостан шабуылға дайын болуға шақырып, бұйрық берді. Космостан келер қауіпті сылтау етіп, Обама жердегі катаклизмге дайындалып жатқан сияқты, әлеуметтік катаклизмге.

27 қазанда "New York Times" басылымы Клинтон жеңген жаңдайда Трамптың жақтастары төңкеріс жасайтыны туралы мақала жарық көрді. Олар Клинтонды Президент ретінде мойындамай, сайлаудың заңсыз нәтижесіне наразылық ретінде көшелерді басып алмақ.

Ресейлік сарапшы "Твиттер" желісіндегі пікірлерді зерттей келе соңғы уақытта аталмыш әлеуметтік желіде Клинтон немесе Трамптың атымен байланысты "революция" деген сөзді қолданған 4 мыңнан астам америкалық пікір жазушыны тапқан. Яғни әлеуметтік желідегі пікірлер — халықтың сөзі. Ал революция сөзін екі кандидаттың атымен байланысты қолданған 4 мыңнан астам  адамның болуы америкалықтардың бұл сайлаудың нәтижесіне қатты алаңдайтынын білдірсе керек.

Мысалы, "Твиттерде" мынандай пікірлер жарияланыпты:

"Төңкеріс болады: Трамптың Огайодағы жақтастары оны қолдайды".

"Бұл төңкеріс! Трамптың жақтастары Нью-Йорк көшелеріне шықты".

"Хиллари  америкалықтарды жақсы көрмейді. Өтінеміз, оның жеңуіне мүмкіңдік беріп, үйде отырмаңыздар!"

"Оны жақсы көрсең де, жек көрсең де: Трамп — бұл истэблишментке қарсы көтеріліс".

 "Мен не болып жатқанын көріп тұрмын, сайлауда жаппай алаяқтыққа орын берілуде. Бүкіл ел көлемінде. Трамп сайлау нәтижесін даулауы керек. Трамп төңкеріс!"

"Бұл қозғалыс емес, бұл революция! Біз үкіметтік жемқорлыққа, өтірікке, орындалмаған уәделерге қарсы бірігеміз. Трампқа дауыс беріңдер!"

"Хиллари Ресеймен соғыста сіздің қызыңыз тең жағдайда қаза табуы мүмкін екендігіне кепілдік беріп отыр!".

Сарапшы қалай болғанда да адамдар сайлаудың әділ жеңіспен аяқталуын күтетінін айтады. Өйткені сайлауда кім жеңсе халықтың тағдыры соған байланысты екені белгілі.

 

Әзірлеген Дана Қамшыбек

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір