• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 19:07:52
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

08 Қараша, 2016 NEWS

ЕЛБАСЫНЫҢ «КҮНШЫҒЫС ЕЛІНЕ» САПАРЫ ЖАЙЫНДА ЖАПОН БАСЫЛЫМДАРЫ НЕ ЖАЗДЫ?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға іс-сапармен барғаны туралы жапон бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда. «NHK&raquo...

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға іс-сапармен барғаны туралы жапон бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда. «NHK» телерадио корпорациясы «Орта Азияда орналасқан Қазақстан республикасының басшысы Н.Назарбаев қарашаның 6 күні Жапонияға келді» деп хабарлады. Кеңес кезіндегі ядролық сынақ салдарынан әлі де көптеген азаматтардың денсаулық зардабын тартып жатқанын айта келе, «Қазақстан Президенті қарашаның 6 мен 9 аралығында Жапонияда болып, императормен және премьер-министр Абэ Шиндзоумен кездеседі. Бұл кездесулерде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы пікір алмасады. Сондай-ақ Парламентте баяндама жасайды» дейді.  

«Қазақстанда Кеңес дәуірінде солтүстік шығыстағы Семей полигонында 450-ден астам сынақ жасалып, қазірде сол аймақтағы халық соның зардабын тартуда. Сондықтан Президент Назарбаев қарашаның тоғызында Хирошимаға барып, Бейбітшілік паркінде болып, Атом бомбасы музейіне бас сұғады. БҰҰ құрылған күннен бастап 2045 жылға дейінгі 100 жылдық мерзімге арналған атом бомбасы жарылысына жол бермеуге қатысты ғаламдық мақсат туралы сөз сөйлейді. Бұған қоса Президент Назарбаев мұнай мен табиғи газ сияқты ресурстарға бай Қазақстанға бизнес өкілдерін шақыру мақсатында  келесі жылы Астана қаласында өтетін, энергияны басты тақырып еткен халықаралық көрме жайлы жапон кәсіпкерлерімен әңгімелеседі».

«Асахи» басылымы да императордың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбевпен кездескені туралы ақпаратты жариялады. Бұл кездесуде жапон сарбаздары (Сібір әскери тұтқындары) мен жекелеген тұрғындардың концлагерге,  бір бөлігі Қазақстанға айдалғаны туралы айтылды. Император сарайы басқарамасының мәліметіне сүйенсек, сол елде өмір сүрген жапондар туралы әңгіме қозғалып, император Қазақстанға барған жапон азаматтарын халықтың жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты.

«Қазақстан Президенті атом бомбасы жарылысын бастан өткерген Хирошима қаласына алғаш рет бармақ» деп хабарлайды жапон басылымы. «Асахидің» жазуынша, Қазақстан Президентінің сөзін жапон императоры зор ықыласпен, мұқият тыңдаған.

«Нихонкэйдзай шинбун» экономикалық басылымы 8 қарашада императордың Қазақстан Президентін қабылдағанын туралы материал жариялады.  «Йомиури» басылымы да Нұрсұлтан Назарбаевтың Хирошимаға алғашқы сапары туралы хабарлай отырып, Семей полигоны зардаптарына тоқталады.

«Йомиури» Назарбаевтың Хирошимадағы атом бомбасынан қаза тапқандар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Атом бомбасы музейіне баратынын хабарлайды. Сондай-ақ Елбасы Хирошима халықаралық конференция орталығындағы жиында сөз сөйлемек. Жиынға 200 адам қатысатынын жазған «Нихонкэйдзай шинбун» Хирошима тұрғындарын аталмыш жиынға келуге шақырады.

Шарафат Жылқыбаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір