• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:15:54
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 NEWS

«МАКУЛАТУРА ӨТКІЗІП, ОРМАНДЫ ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫС!»

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы «Даму» бастауыш ұйымы мен «LS...

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы «Даму» бастауыш ұйымы мен «LS Astana» ЖШС экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Экологиялық мәселелерді шешуде материалдарды қайта өндеу (қағаз, картон) және жинауды ұйымдастыруда ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық құруды көздейтін құжатқа ҚР ИДМ жауапты хатшысы, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы «Даму» бастауыш ұйымының төрағасы Замир Сағынов, «LS Astana» ЖШС директоры Сәуле Тәжібаева қол қойды.

Осы мақсатта «Transport Tower» әкімшілік ғимаратының әрбір қабатына макулатура жинайтын арнайы контейнерлер қойылды. «LS Astana» ЖШС қайта өңделген өнімдерден түскен қаржыны жетім балаларға және көпбалалы отбасылардың балаларына, зейнеткерлер мен мүгедектерге демеушілік  немесе қайырымдылық көмек ретінде беруге міндеттеме алды.

Жиналған барлық ескі газет, журналдар және пайдаланылған қағаз өнімдері қайта өңдеуге жіберіледі. Осы арқылы орман ағаштарын тиімді пайдаланып, жаппай кесуден сақтауға болады. Экологтардың мәліметтеріне сүйенсек, 1 тонна макулатура 30 адамға қажетті оттегін бөлетін 10 талды кесуден сақтап қалады екен. Сондай-ақ, 1000 кВт электр энергиясын және 20000 литр тұщы суды үнемдейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір