• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:45:02
Алматы
+35°

11 Қараша, 2016 NEWS

Қытайда Ішкі Моңғолия полициясының бұрынғы басшысын өлім жазасына кесті

ҚХР соты жұмада кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылған Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы полициясының бұрынғы басшысы Чжао Липинді өлім жазасына кесті, деп...

ҚХР соты жұмада кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылған Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы полициясының бұрынғы басшысы Чжао Липинді өлім жазасына кесті, деп хабарлады ҚазАқпарат. Үкімді Шаньси провинциясы Тайюнь қаласының соты шығарды.

Сот сондай-ақ 2008-2010 жылдары ол заңсыз 23,7 миллион юань (3,5 миллион АҚШ доллары) алғанын жария етті. Жоғарғы халық прокуратурасы ақпанның басында оған кісі өлтірді, оқ-дәріні заңсыз сақтады деген айып тақты. Чжао Липин 2015 жылғы наурызда Чифэн қаласында адам атып кеткен. Кейіннен 2015 жылғы шілде соңында ол партиядан шығарылды. Ол сондай-ақ Ішкі Моңғолия Қытай халық саяси консультативтік кеңесі бөлімшесінің аға саяси кеңесшісі болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір