• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Қараша, 05:30:45
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Қараша, 2016 NEWS

BBC телеарнасы Қазақстан туралы бейнеролик көрсетеді

 1847 жылы еуропалықтар арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанды зерттеген британдық саяхатшы әрі зерттеуші Томас Аткинсонның жазбалары Тәуелсіздік...

 1847 жылы еуропалықтар арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанды зерттеген британдық саяхатшы әрі зерттеуші Томас Аткинсонның жазбалары Тәуелсіздік 25 жылдығына арналған еліміз туралы бейнероликтің негізі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қараша айының ортасынан бастап, оны ВВС World телеарнасы көрсете бастайды. Фильм түсірілімдері британдық саяхатшы жүріп өткен - Астанада, Алматыда және Алматы облысында түсірілді. Көрсетілімге Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ержан Қазыханов пен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев қатысты. Бізге мәлім болғандай, ВВС аталған көрмеге үлкен қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта халықаралық көрмені британдық және өзге де медиакомпаниялардан көрсету жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.  «Біз қазір ВВС арнасымен әріптестік келісім орнатудамыз. Олар көрме кезінде біздің елімізді көрсеткісі келеді. Барлық халықаралық шараларды, барлық туризм мүмкіндіктерін», - деді ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев.


 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір