• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:28:16
Алматы
+35°

11 Қараша, 2016 NEWS

Қоқыста жатқан сәбиді ит құтқарған

Бұл ит Бразилияда Кампинас қаласының көшесін аралап жүрген. Үйсіз, бірақ өте ақылды Анжела есімді итке (Анжела деп кейіннен қала тұрғындары атайды)ешкім...

Бұл ит Бразилияда Кампинас қаласының көшесін аралап жүрген. Үйсіз, бірақ өте ақылды Анжела есімді итке (Анжела деп кейіннен қала тұрғындары атайды)ешкім ешқашан мейірімділік танытпаған, өмірдің құндылықтарын ешкім түсіндірмеген қаңғығын үйсіз ит. Алайда Анжела қоқыстан тапқан сәбиді басқа сүйектерден артығырақ екенін түсінді. Анжеланың бұл әрекетіне  бір жаратушының әсері болғаны анық. Ол жақын маңдағы үйді көріп, адамдарды іздестірді.

Үйдің алдында тұрған әйел Анжеланың не әкеле жатқанын көріп, таң қалғаннан құлай жаздады. Сәби - қыз бала – туылғаныны екі сағат қана болған. Оның кіндігі де кесілмеген. Анасы туып, қоқысқа лақтырып жібіерген.  Тіпті, жаялыққа орамаған. Әйел иттің сәбиді мәпелеп жанашырлықпен қарағанына таң қалды. Сәбидің денесінде бірде-бір тістің іздері болмады, соншалықты мәпелеп, абайлап алып келген.

Сәбиді ауруханаға жеткізіп, оны тексерген дәрігерлер  баланың  денсаулығы жақсы екенін хабарлады. Енді кішкентай қыздың бақытты да ғұмырлы өмір сүруіне мүмкіндігі бар.

Ал ақылды Анжеланы бірнеше қала тұрғыны асырып алғысы келді, бірақ ол ешкімге үйреніп үлгерген жоқ. Анжелаға жақсы қарайтын қожайын кездесетініне сенеміз. Өйткені, Анжела – құрметке лайық, батыр ит. Алайда сәбидің анасы жайлы олай айта алмаймыз, оның IQ-і иттен де төмен болғаны қалай?!Әлде ол тасжүрек, мейірімсіз бе?!

Қамшыгер: Даяна Ишанхан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір