• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:43:38
+35°

11 Қараша, 2016 Саясат

Елбасы ағынан жарылып, халыққа алғыс айтты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея Республикасына жасаған сапары аясындағы баспасөз брифингінде ағынан жарылды, деп хабарлайды "Қамшы"...

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея Республикасына жасаған сапары аясындағы баспасөз брифингінде ағынан жарылды, деп хабарлайды "Қамшы" порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзінің қызметі туралы Елбасы: "Менің жұмысымда шаршауға болмайды. Бұл - ел алдындағы, xалық алдындағы жауапкершілігім. Ал қиындығына келер болсақ, бұндай сапарлар кезінде уақыттың айырмашылығы қатты шаршатып жібереді. Бір байқағаным, бізге Шығысқа қарай жүрген ыңғайлы екен. Ал Батысқа барсаң, қатты шаршап қаласың, ұйқың қанбайды. Ол күндері мен ары кетсе, үш-төрт сағат ұйықтаймын.  Ерте жатсаң да, көз ілінбейді. Бір жағынан жақсы шығар, өз уақытыңмен жүресің. Оған қоса, ресми кездесулер кезінде сөзіңді өткізе білу керек, сенімді сөйлеуге міндеттісің. Әрине, ондайда миың үздіксіз істеп тұруы қажет.  Қазақстан ондай мәртебеге лайықты. Себебі жаппай ядролық қарусыздандыруға қосқан үлесі зор. Қазіргі бейбіт саясаты да әлем елдерінің құрметіне лайық деп білемін", - дей келе, бір ай бұрын тұмауратып қалған кездегі қазақстандықтардың қолдауын еске алып, барша xалыққа өз ризашылығын жеткізді. "Айтпақшы, мені тұмауратып қалды деп ақпарат таратқанда ғаламтор арқылы мыңдаған қазақстандықтар  жылы сөздерін жазып, менің тездетіп сауығып шығуымды тілеген еді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша xалқыма алғысымды айтамын. Ол туралы ашық айтуға тура келді. Себебі жоспар бойынша Әзербайжан мен Арменияға сапар жасауым керек еді. Оны кейінге қалдыруға мәжбүр болдым. Сондықтан баршаларыңызға рақмет айтамын. Президент болғаннан кейін адам бар күш-жігерін xалық үшін, ел үшін жұмсау керек деп білемін», - деп ағынан жарылды Мемлекет басшысы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір