• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:00:10
Алматы
+35°

15 Қараша, 2016 Оқиғалар

Күн батқанда сал болып қалатын ағайындылар әлем назарын аудартуда (Фото)

Пәкістанда тұратын ағайынды Абдул Рашид пен Шоайб Ахмед өте сирек кездестін құпия аурудың зардабын тартуда,-  деп хабарлайды 

Пәкістанда тұратын ағайынды Абдул Рашид пен Шоайб Ахмед өте сирек кездестін құпия аурудың зардабын тартуда,-  деп хабарлайды  Qamshy.kz mediadum.com порталына сілтеме жасап.

Абдулдың жасы тоғызда,  ағасы Ахмедтің жасы 13-те. Ағайындылар күндіз дендері сау, қарапайым адамдар дай жүреді де, күн батқанда олар адам айтса сенгісіз күйге түседі. Айналасында не болып жатқанын естіп тұрса да, сөйлей алмай, толығымен сал болып қалады.

Әкесі ұлдарын күннің көзінен қуат алатынын айтып, "күн балалары" деп атап кеткен. Бір таң қаларлығы балалар күндіздің өзінде қараңғы жерде өздерін өте жақсы сезінеді, тіпті жаңбырлы күндері күнді бұлт жауып тұрса да, олар өзге адамдар секілді тіршілігін жасай береді. Тек кеш батса болды, беймәлім күйден арыла алмайды.

Қазіргі кезде бұл ерекше құбылысқа Пәкістан университетінің медицина докторы Джавед Акрам зерттеу жүргізу үстінде.

«Біз шын мәнінде не болып жатқанын анықтауға міндеттіміз. Біздің мамандар  бұл балалардың күндіз ел қатарлы жүріп, ал кеш батқанда бүкіл күшінен айырылып, тіпті көзін аша алмайтын дәрежеге жетуінің себебін анықтауға тырысып жатыр", - дейді ол.

Балалардың әкесі  Мохаммед Хашим (Mohammad Hashim) балаларын қандай тылсым күштің қинайтынын анықтаудан шаршаған. Ол балаларын біреу оқытып тастады деп отыр.  Сол үшін түрлі емшілерді емдеп, табанынан тозып жүр. Сонымен қатар ол балаларын дінге баулуда.

 Балалар шамамен 300 зерттеу мен тесттерден өткен, мұндай шарасыз таң қалмасқа болмайтын құбылыстың мән-жайын ешкім әлі түсіндіре алмауда.  Дәрігерлер мұны генетикалық аномалия, яғни ағайында бауыры мен әпкесінің некесі салдары болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Олардың алты баласы болған, оның екеуі ертеректе қайтыс болған. Балалардың екі қарындасы бар, бірақ олар мұндай дерттен ада.  

«Күн балаларының» жұмбағын шешуге әлемнің барлық медицина қызметкерлері бастарын қатыруда.  Әзірше, балалардың аурурларын бәсеңдететін терапия ойлап табылды.

Қазір ағайындылар сағат кешкі 10-ға дейін сау жүре алады. «Қазір олардың жағдайы жақсарды. Алдағы уақытта толықтай жазылып кетеді деп сенеміз!» ,- дейді ағайындылардың әкесі.

Өз ауруларына қарамастан балаларға дәрігерлер мен Бақ өкілдері қатты ұнайды екен. Олар зерттеуу кезіндегі дәмді тамақтарды айтып, мәз болысады. Өскенде Шоайб мектемте ұстаз боламын десе, Абдул діни білімін жалғастырғысы келеді екен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір