• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:15:02
Алматы
+35°

30 Қазан, 2016 Аймақтар

Арыс қала ауыл шаруашылығына қатты көңіл бөлуде

аБиыл ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы үкіметтің қабылдаған бағдарламаларын жүзеге асыру аясында экономикаға серпін беретін жобалардың нәтижесінде...

аБиыл ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы үкіметтің қабылдаған бағдарламаларын жүзеге асыру аясында экономикаға серпін беретін жобалардың нәтижесінде ауылшаруашылық құрылымдары ағымдағы жылы 8 миллиард 521 миллион 700 мың теңгенің өнімдерін өндірді.

Мал шаруашылығы бойынша алынған өнімдері бойынша: ірі мүйізді қара малдың саны 31 мың 282 құрап, 2015 жылмен салыстырғанда (109,2%) пайызға, қой мен ешкі 386 мың 409 (107,0%) пайызға, жылқы 10 мың 46 (101,6%) пайызға, құс 62мың 856 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда (100,6%) пайызға артқан. 

2016 жылдың 1 қыркүйегіне шаруашылықтың барлық санаттары бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері өткен жылмен салыстырғанда: ет –5 мың 161 тоннаны құрап 101,5% пайызға, сүт – 14 мың 416 тоннаны құрап 107,1% пайызға, жұмыртқа – 5 миллион 906 мың дананы құрап, өнім өткен жылмен салыстырғанда 100,5% пайызға артық орындалды. 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 900 бас ірі қара мал алынуы керек, нақты 905 бас алынды, немесе 100,5% орындалды. 

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жылдық тапсырма 1000 бас уақ мал алу тапсырылған, нақты 2 мың 102 бас алынды, немесе жоспар 210% орындалды. 

«Құлан» бағдарламасы бойынша межеленген 160 бас жылқы алу жоспарланса, қазіргі таңға 160 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 100% орындалды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір