• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:03:55
+35°

26 Қазан, 2016 Аймақтар

ОҚО: Шардараның балығы шетелге сатылуда

Шардараның балығы шетелге экспортталып жатыр, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен. Шағалалы Шардарада балық өндірісі өркендей түсті. &laquo...

Шардараның балығы шетелге экспортталып жатыр, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен. Шағалалы Шардарада балық өндірісі өркендей түсті. «Хамит» балық өңдеу компаниясы су жануарының сүбе етін Грузия, Германия, Украина Республикаларына және Ресей Федерациясына жөнелтуде. Балық шабағын кәсіпорын сырттан тасымалдайды. Тауарды тереңдетіп өңдейтін зауыт соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Өндіріс орны 200 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт жылына  3 мың  тоннаға  дейін  өнім  өндіруге  қауқарлы.  Мұнда  қос  бірдей желі жұмыс істейді.  Алдымен, балық  сүйегінен  ажыратылады, сосын сүбе еттен филе  жасалады.  Тіпті,  қалдығынан  ұн  да шығарылады  екен.  Тиімділігі  сол,  шикізат  қалдықсыз  өңделеді.  «Сапалы  өнімге  сұраныс  та жоғары», - дейді цех басшысы. «Хамит»  селолық  тұтынушылар  кооперативі  жылына  өндірген  өнімінің  70 пайызын шетелге жөнелтеді. Қазір зауыт  балықтың  сүйектен  ажыратылған  таза  еті  мен қақталған түріне басымдық берген.  Кәсіпорын өз өнімін Еуроодаққа кіретін мемлекеттердің нарығына шығаруға арнайы рұқсат алған еліміздегі  10 балық өңдеуші  зауыттың бірі. Зауыт негізінен  көксерке мен  алабұғаның  таза  етін  экспорттайды.  Қақталған қаракөз  бен  табанға да сұраныс жоғары. Сондықтан өндіріс басшылығы балық шабағын Қарағандыдан тасымалдап, оны қолдан өсіріп жатыр. Соның  арқасында Ресей, Беларусь елдерімен қатар, Германия мен Францияға дайын өнімдерін экспорттауға көшті.


Қазақпарат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір