• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:27:14
Алматы
+35°

 

          «Сыбаға» – ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін ең қолжетімді несиелендіру бағдарламасының бірі. Сондай-ақ, бұл осы бағытта өз бизнесін ашуға ниеттенген, бірақ, мал шаруашылығы саласы жұмысында тәжірибесі жоқтар үшін тиімді. Бұған қосымша, несиелендіру жағдайын жасау кезінде жекеменшік бизнестің мүддесі мен мүмкіндігі есепке алынды. Сыйақының пайыздық деңгейі де төмен. Яғни, 14 пайыздың жартысын мемлекет субсидиялайды. Оның үстіне, қарыз толтыру жұмысы мен жеңіл­дік мерзімін кепілдікпен қамта­масыз ету талабы да қысқартылған. Бұған қоса өте қарапайым тілде барлық мән-жай түсіндіріледі. Созақ ауданының тұрғыны ретінде  халық арасында бағдарламаны насихаттау жұмысы да қолға алынғанын айта кету керек.

          Тауарлық табынның тұқымдық сапасын жақсартуды көздейтін бағдарламаға  Созақ ауданында айрықша қызығушылық бай­қалады. Мәселен, биылғы жылы ауданда 5 шаруашылық бағдарламаға қатысса, екі шаруашылық 53 мил­лион 250 мың теңге несиені ресімдеді.

          Маған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері тиісті құжаттарды дайындауыма көмектесті. Бағдарламаның әрбір тармағын жете түсіндірді. Ауыл тұрғындарының көбі несие алуға жүрексінеді. Қиыншылықтан қашпайтын адамдарға мемлекет субсидиялау арқылы қолдау көрсетіп, жан-жақты көмектесетіні қандай ғанибет. Мемлекеттің қолдауынсыз мал басын көбейте алмас едік. Бұл үлкен еңбек. «Сыбаға» ауыл адамдарын үлкен істерге жігерлендіреді.

Алмас Асанов, Созақ ауданының тұрғыны

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір