• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:25:31
Алматы
+35°

 

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елге есеп беріп отыратын «Ашық үкімет» құру тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Ашық әкімдік» жобасы бойынша жергілікті әкімдіктер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ақпараттарды ашық дереккөздерінде жариялауда.

2016  жылдың 6 айында Созақ ауданында жалпы өнім көлемі 3 млрд. 825 млн теңгені құрап,  2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 110 пайызға артығымен орындалған.

Ауданда мал басының барлық түрі бойынша өсім бар. Атап айтсақ,  мүйізді ірі қара – 26935 бас немесе  103,5%-ға, қой-ешкі – 290 841 басқа, жылқы – 11329 басқа немесе 100,7%-ға, түйе – 10815 бас 100% -ды құрап құстар саны – 16008 бас болып 103,4 %-ға өскен.

Өткен 2015 жылмен салыстырғанда ет өндіру – 5672,1 тонна 100,7 %, сүт – 7129,8 тонна 102,8 %, жұмыртқа (мың дана) 1364,5 данаға немесе 100,4 %-ға өсім бар. 

Облыс әкімінің бастамасымен қабылданған «2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» шеңберінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аталған бағдарлама шеңберіндегі жұмыстар аудан шаруаларын мал бордақылауға ынталандырып, келешекте табыс табудың, қосымша жұмыс орындарын ашудың, бірден бір көзіне айналуда. 

Қарақұр ауыл округінен «Қарақұр» Ө/К (түйе) және (қой), Шолаққорған ауыл округінен «Бағдат» ш/қ (түйе), Құмкент ауыл округінен «Құмкент» Ө/К (қой)  асыл тұқымды мал шаруашылықтары болып тіркеліп, жұмыс жасауда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 42 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынып – 1148 бас сиыр тұқымдық түрлендірілуге тартылды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 69 бас қошқар сатылып алынып, 2070 бас тұсақ қойлар тұқымдық түрлендіруге тартылды, меже 99 пайыз.

«Құлан» бағдарламасы бойынша жоспар бойынша 300 бас болса,  14 бас айғыр сатылып 210 бас аналық жылқы сатып алынып меже 70 пайызға орындалды.

http://rgmedia.kz/

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір