• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 06:16:37
Алматы
+35°

 

Ордабасы ауданындағы «Сералы» шаруа қожалығы асыл тұқымды «Ордабасы» қойын өсіріп келе жатқанына көп жыл болды. Бұл асыл тұқымды қойдың басқа қылшықты қойлардан ерекшелігі, таза етті бірнеше есе артық береді. Биылғы жылы «Ордабасы» тұқымын жергілікті малдарды ұрықтандыруға қолданамыз. Себебі, мемлекет тарапынан асыл тұқымды қошқарларды жалпы шаруаға бірдей етіп, аналық бастарын тегін қашыртуға көмек беріліп отыр. 80 мыңдай малды ұрықтандыру жұмыстары басталды. Қойды қашыртып алу үшін мамандар мен оның техникалық құрал-жабдықтары, асыл тұқымды «жалға беру» қаржысы мемлекет есебінен жүргізіледі.

Екіншіден, аймақта қаракөл малы да азайып бара жатыр. Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік ғылыми инситутының ғалымы Хисметолла Үкібаев біздің өңірде көк түсті қаракөл қойларын көбейтуге үлесін қосып отыр. Жуырда Түркістан қаласында қаракөл қойларды асылдандыру мақсатында семинар өтті. Қаракөл қойын көбейту ісін қазір Түркістан қаласындағы «Югнак» шаруа қожалығы қолға алды.3 мың бас қаракөл қойы бар. Келешекте көк түсті елтірілерді халықтың игілігіне жарату көзделуде. Елтірімен еліміздің әскерін толық қамтамасыз етеміз деген де жоспар бар.

Жалпы, қой шаруашылығын бөліп айтар болсақ, қойдың аналық басының саулығына 1500 теңгеден беріледі. 2011 жылға дейін осы субсидияны алу үшін 1000 бас саулығы болуы керек деген талап қойылатын. Өткен жылдан бастап 600 саулығы бар шаруалар субсидия алуға мүмкіндігі болды. Ал, биыл 300 саулығы бар шаруаларға да мемлекеттен қаржылай көмек көрсетілді. Малды асылдандыруда сатып алынатын бір бас малға 8000 мың теңгеден беріледі.

Келер жылы мал шаруашылығы мен одан алынатын өнімдерге субсидия беру жалғасады. 2017 жылдан бастап өнімге емес, мал басына ғана төленетін болады.

Ордабасы ауданындағы «Сералы» шаруа қожалығы 20 жылдан бері қазақы «Ордабасы» қойын өсірумен айналысып келеді. Қожалықтың басшысы Сералы Әбжановтың Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік ғылыми институтының ғалымдарымен бірлесе жүргізген жұмысы өз нәтижесін берді. Бүгінде қожалықтың асыл тұқымды қойларына деген сұраныс жылдан жылға артып отыр. «Ордабасы» қойдың тұқымын жергілікті шаруалар ғана емес, арысы Атырау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау өңірінің қожалықтары да қызығушылық танытып, сатып алуда.

Қазақы қойдың ерекшелігі барлық жердің табиғатына тез бейімделеді. Төзімді, жер таңдамайды, жылдам жетіліп, тез қоңданады. Жүні аз, есесіне еті мол. Қошқарлардың орташа салмағы 110-123, саулықтардың орташа салмағы 85-90 келіні құрайды. Ал, алты айлық қозы кезінде салмағы 31-32 келіге жетті. Қазір ұсақ малдың май емес, ет беру өнімділігіне мән беріледі. Бұрын керісінше еді. Сол себепті, бұл асыл тұқымды қойлар бойына май емес, етті көп жинайтындығы көпшілікті қызықтырады. Биылдың өзінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарына 2500-нан астам саулық пен тұсақ саттық,

«Сералы» шаруа қожалығының зоотехнигі Аманбек Ырысбекұлы

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір