• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:20:20
Алматы
+35°

 

Шымкентте мал шаруашылығы өрістей бастады. Қалаға жаңадан қосылған елдікемендердегі шаруа қожалықтарының есебінен бүгінде мал басы артып отыр. Бордақылау алаңдары көбейіп, ірі қараға да бетбұрыс бері қарап келеді.Бұған дәлел ретінде түрлі шаруа қожалықтарының жемісті де табысты еңбегін сөз етуге болады.

Жауапты мамандар мал шаруашылығы осы қарқынын жоғалтпаса, облысты етпен қамтуға Шымқала шаруашылығының әлеуеті жетеді деп сендіреді.

Осыдан 6 жыл бұрын кішігірім бір қорада 90 бас ірі қараны семіртуді бастаған «Рау» шаруа қожалығында қазір 500-ге тарта ірі қара мал бордақыланып жатыр. Жергілікті тұқымдардан мұнда Солтүстіктен сатып алынған ақбас, швед сиырлары да бапталуда. Мал басын тағы 300-ге арттыру жоспары тұр.Біздіңше бұл жоспарға жету шаруа қожалығы үшін үлкен қиынық бола қоймас. Өйткені бастысы алға қойылған мақсат бар. Іс қимылдар жоспары да әзірленген. Осының бәрі түптің түбінде отандық шаруашылықтың дамуына жақсы серпін берері анық.

Жеңілдетілген несие — мал бордақылауды қолға алған шаруа қожолық иелерінің барлығына дерлік ортақ арман. Салаға тиесілі мемлекеттік қамқорлық артса, еп-септі шаруалар Шымқаланың жайлы ауа райында бұл саланы ұршықтай иіріп әкетпек.

Анар Жарқынқызы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір