• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:07:56
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2017 NEWS

АЛТЫ АЛАШТЫҢ ӘНШІСІ РАМАЗАН СТАМҒАЗИЕВ 50 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Бүгін қазақтың жезтаңдай әншісі Рамазан Стамғазиев ердің жасы елуге толды. Рамазан Стамғазиевтің өзі қандай биікке жетсе де, қазақы қарапайым қалпынан айныған...

Бүгін қазақтың жезтаңдай әншісі Рамазан Стамғазиев ердің жасы елуге толды. Рамазан Стамғазиевтің өзі қандай биікке жетсе де, қазақы қарапайым қалпынан айныған емес. Оның қоңыр дауысы қазақ даласының түкпір-түкпіріне жетіп, өнер сүйер қауымның жүрегіне жатталып қалған. Рамазан Стамғазиев домбырасын жай ғана сабалап жүрген өнерпаз емес, қазақтың қай ауылына барса да төрін ұсынатын бүгіннің сал-серісі. Қазақ ән өнерінің қай мектебінің болса да әнін нақышына келтіріп шырқап жүрген Рамазан Стамғазиев үлгілі ұстаз, немерелеріне сүйікті ата, 30 жылдан бері қазақтың халық әндері мен дәстүрлі әндерін кеңінен насихаттап жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 

Рамазан Өмірәліұлы  1967 Алматы облысы Райымбек ауданы Көкпияз ауылында дүниеге келген. Өнерге бала кезінен құштар болған. 1989 ж. Алматы эстрада-цирк училищесін (Қ.Байбосынов класы бойынша) бітірген. 1989 жылдан "Қазақконцерт" бірлестігі құрамында өнер көрсетіп жүр. 1989 - 2005 жылдары Қазақконцерт өнер бірлестігінде әнші. 2006 - 2009 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы. 2009 - 2012 жылдары Республикалық эстрада - цирк колледжінде оқытушы. 2012 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясының "дәстүрлі ән музыкасы" кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі лауазымын атқарады. 

Стамғазиев шырқаған «Қапездің әні», «Екі жирен», «Көкшетау», «Теміртас» сияқты Алаш арыстарының әндері халықтың құлағына оның дауысымен сіңген. «Қамшы» ақпараттық агенттігі ұжымы бүгінгі туған күніне орай әншіге ұзақ өмір, шығармашылық табыс, шаңырағына шаттық, отбасына бақыт тілейді.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір