• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 23:33:21
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Әлеумет

О, тоба! Қырғыздар марихуананы заңдастырмақ!

Қырғызстанның  ұлттық банкінің басшысы Толкунбек Абдыгулов марихуананы заңдастыру арқылы елдегі туризм саласын дамытуға болады деп ұсыныс жасады деп...

Қырғызстанның  ұлттық банкінің басшысы Толкунбек Абдыгулов марихуананы заңдастыру арқылы елдегі туризм саласын дамытуға болады деп ұсыныс жасады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Қырғызстандық банкир Түркия елінің туризмдік дамуын Қырғызстанмен салыстырды. Оның айтуынша, қырғыздар Ыстық көлге қарағанда Түркияға жиі барады екен.

«Стамбулға 6 күн қыдыруың мен уақытылы тамақтануды қосқанда барып-келу билетің 300 доллар құрайды. Сіздер қай елмен бәсекеге түспексіздер?  Осы секілді ерекшелік болу керек. Еліміздің туристтік саласын қалай дамытамыз? Мен туристтерді қалай тарту керек екенін білемін. Марихуананы заңдастыру керек. Басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ. Қыруар ақша, көптеген туристтер келеді. Бүкіл ТМД елдері осында ағылады. Қонақ үйлерде орын қалмайды. Міне осындай ерекшелік керек», - дейді Абдыгулов.

Бұл банкирдің әзілдегені ме, әлде шын сөзі ме әзірге белгісіз. 

Туризм саласы Қазақстанда да ақсап тұр. Бізде экологияны жақсарту арқылы экологиялық туризмді дамытып жатыр.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір