• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:44:05
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 Саясат

Оқыс жағдай: Қауіпсіздік қызметкерлері қателесіп министрді атып түсірді

Сомалидегі  31 жасар  әлеуметтік еңбек  министрі  Абдуллахи  Шейх Аббасты қауіпсіздік қызметкерлері қаруланған исламшыл топ деп ойлап...

Сомалидегі  31 жасар  әлеуметтік еңбек  министрі  Абдуллахи  Шейх Аббасты қауіпсіздік қызметкерлері қаруланған исламшыл топ деп ойлап, атып түсірген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news-ке сілтеме жасап.

Министр  Могадише  қаласындағы  президент  сарайы маңында өз көлігінде қаза тапқан.

Осы төтенше жағдайға байланысты Мохамед Абдуллахи Мохамед Эфиопияға сапарын кері шегерді.

Аналитик Абдуллахи Абдидің Би-би-си-ге хабарлауынша бұл Сомалидегі қауіпсіздік қызметінің бірінші қателігі емес,яғни елдегі исламисттер елді әбден үркітіп болған.

Өлген министр  Аббас  Кениядағы босқындар лагерінде өскен. Өткен жылдың қараша айында Сомалиде ең жас министр болып тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір