• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:32:12
Алматы
+35°

07 Мамыр, 2017 NEWS

АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ МЕН АБАЕВТЫҢ МИНИСТР ҚЫЗМЕТІНЕ – БІР ЖЫЛ (ВИДЕО)

2016 жылы 6 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылып, оған Дәурен Абаев басшылыққа келген. Содан бері...

2016 жылы 6 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылып, оған Дәурен Абаев басшылыққа келген. Содан бері тұп-тура 1 жыл өтті.  Осыған орай министр Дәурен Абаев министрлік пен министр қызметінің бір жылдығына есеп видео ролик жариялады.

Қамшы ақпараттық агенттігінде осыдан бір ай бұрын министр Абаевтың қызметі туралы сараптама мақала жарияланған болатын.

Абаевтың министр қызметіне бір жыл толғанымен, ол бұл салада 15 жылдан астам уақыт қызмет еткен. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіре сала 2003 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеп, жастай тәжірибеден өтті. 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды. 2007 жылы мамыр –желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім басқарды. 2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты болды. 2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, 2009 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2011 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың шілдесінен бастап баспасөз хатшылығына президент кеңесшілігін қоса атқарды.

Ақпарат және Коммуникациялар министрлігінің құрылуы мен Даурен Абаев​  мырзаның министр болуына бір жыл толған мерейлі мерекесін Қамшы ақпараттық агенттігі​ ұжымы құттықтайды!

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір