• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 20:22:49
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2017 Әлеумет

Өз баласын Владимир Путин деп атаған сириялық азамат Ресейге алғысын білдірді

6 мамыр күні дүниеге келген сәбиге сириялық жас отбасы Владимир Путиннің атын берді. Мұның себебі неде?

6 мамыр күні дүниеге келген сәбиге сириялық жас отбасы Владимир Путиннің атын берді. Мұның себебі неде?

Сонымен жаңа өмір есігін ашқан сәбидің аты-жөні – Владимир Путин Майхуб. Ол Баньянс қаласының маңындағы Тартус қалашығының маңында дүниеге келген. Жас отбасы мұндай қадамға баруын қиын-қыстау кезеңде Ресейдің Сирияға көмек көрсетуімен түсіндіреді.

Сирияның үкіметтік күштеріне, Ресей армиясы мен халқына алғысым шексіз. Қазіргі таңда біздің елді қолдап, лаңкестікпен күресте саяси, әскери жағынан қолдау көрсетіп отырған осы екеуі ғана. Олар – Башар Асад пен Владимир Путин. Біз, әсіресе Ресей армиясына ризашылығымызды білдіреміз. Өйткені олар біздің балаларымыздың болашағы үшін күресіп жатыр, – дейді Владимир Путиннің әкесі Нурс Майхуб.

–Әрине, араб жұртшылығы үшін баламның атын атауы қиынға түседі. Бірақ біз бақыттымыз, – дейді сәбидің шешесі Сальва Аббас.

Нурс Майхуб пен Сальва Аббастың отбасында  мұнан өзге тағы бір қызы бар.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір