• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 11:52:52
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2017 Әлеумет

Ағаш түбіндегі біртүрлі дыбыстың кімге тән екенін білген әйел жағасын ұстады (ФОТО)

Көктем басталар уақытта Тайланд тұрғыны үй шаруасымен айналысып жүріп біртүрлі дыбыстарды естіген, алайда алғашқы күндері мән бермеген. Бірақ дыбыс&nbsp...


Көктем басталар уақытта Тайланд тұрғыны үй шаруасымен айналысып жүріп біртүрлі дыбыстарды естіген, алайда алғашқы күндері мән бермеген. Бірақ дыбыс барған сайын үдей түседі. Тайландтық әйел мұның ненің дыбысы екенін білмек болып, ірі ағаштың маңына қарай жақындайды. Сондағы көргені әйелдің жағасын ұстатты.

Ағаш түбінде топырақ астынан баланың саусақтарын көрген ол бірден полицей қызметкерлеріне хабар береді. Жерге көмілген сәбидің денесінде пышақ ізінен қалған тыртықтар болғанымен, бір ғажайыптың күшімен болу керек, сәби тірі болып шыққан.

Полицей қызметкерлері шара қолданып, баланы аман алып қалу үшін қолдарынан келгенінің бәрін жасады.

Қуанышқа орай, бала құтқарылып, бүгінде оны жас отбасы асырап алған. Ал сәби толығымен айығып, жаңа ата-анасының қамқорлығына бөленді.

Бүгінгі қоғамда бөтен тұрмақ, өз сәбиіне аяушылық танытпаған ата-ананың қарасы көбейді. Ата-ана деп айтуға ауыз бармайды екен. «Сәбиін тастап кетті, көміп кетті, бас тартты» деген ақпарат белең алып тұрған бұл заманда адам баласы айуан құрлы болмағаны күйіндіреді.

Дайындаған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір