• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 19:59:03
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2017 Әлеумет

Өз ұлын құтқарғысы келген әкенің ісі көптің аянышын туғызды (ФОТО)

Пекин қаласының орталығында адамдардың жүрегін елжірететіндей оқиға болды деп жазады

Пекин қаласының орталығында адамдардың жүрегін елжірететіндей оқиға болды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Қиналған әке көшенің ортасында іш киіммен, қолына таяқ алып, тізерлеп тұрды.Оның жанында плакат тұрған болатын. Адамдар бұл плакаттағы мәтінді оқымай кете алмады. Барлығы әке қайғысын түсініп, қолдарынан келгенше ақша тастап кетті. 

Плакатта:«Мені баламды құтқару үшін ұрыңыздаршы. Оған көру жүйкесіне байланысты атрофия атты диагноз қойылған. Тезірек ота жасамайтын болсақ баламыз мүлдем көрмей қалады», -деп жазылған.

Басқа амалы болмаған әке іш киіммен көшеде тұрып, 10 юань үшін өзін таяқпен ұруды өтінеді. Бұл ұлын аман алып қалудың соңғы жолы еді. Адамдар оған ақша берді, бірақ оны ешқайсысы ұрған жоқ.

Бұл ер адамның есімі Фан Фуджи. Ол Қытайдың батыс жағында орналасқан Чунцинде тұрады. Оның ұлы өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Ол атрофиядан басқа да генетикалық аурулармен ауырады екен.

Сәбиге тез арада ота жасалмайтын болса, соқыр болып қалады. Ота жасату үшін 100000 юан керек. Бұл отбасы өте кедей болғандықтан, осылай істеуге мәжбүр болған.

Бұл оқиғаны Қытай БАҚ өкілдері жариялап, ақшаның артысын жинап үлгерген. Сонымен бірге Пекиннен сәбиді емдей алатын дәрігер де табылған. Бірақ бұл отадан кейін сәби толық көре алады деп сеніммен айта алмаса, көру қабілетін азда болса жақсартуға болады деп сендіреді.

Әзірге жиналған ақша ота жасауға жетіп жатыр. Қалған ақшаны да қытайлық әке біраз уақыттан кейін табатынына сенімді.

Шолушы: Әсел Өтешова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір