• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 20:46:38
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 Саясат

Заңсыз келісімдерге иелік етіп, кісі өлтірді деп айыпталған «Путиннің аспазы»

«Открытая Россия» қозғалысы   Зерттеу басқармасының орталығы «Путиннің аспазы» деген атпен танымал бизнесмен Евгений Прижогин...

«Открытая Россия» қозғалысы   Зерттеу басқармасының орталығы «Путиннің аспазы» деген атпен танымал бизнесмен Евгений Прижогин  өлімге қатысы бар  болуы мүмкін деп шешім шығарғанын хабарлайды  Қамшы ақпараттық агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап.

2004 жылы Невада 25 жастағы Дмитрий Соколовтың мәйіті табылған болатын. ЗБО-ның растауынша, Прижогин  жас жігітті сабаған соң, ол тұншығып қалған. Жанжалдың шығу себебі, Соколов  ұжымның мерекелік кешінен кейін бизнесмен Прижогиннің   Петербургтегі  New Island  теплоход-мейрамханасының бортында болған. ЗБО-ның растағандығындай, Соколовтың  өлімінен кейінгі бұл айғақтар қылмыстық істің қайта қозғалуына себеп болған.

ЗБО-ның хабарлауынша New-Island жүзгіш мейрамханасы 2015 жылға дейін, сатылмай тұрып көптеген шенеуніктерге қызмет көрсеткен. Және президент Путиннің жеке меншігі ретінде бірнеше рет оның туылған күні осы мейрамханада  өткізілген. Бұдан бөлек, 2001 жылы Путин бұл мейрамханада Франция президенті Жаком Ширакпен болған. Ал 2002 жылы Ресторан бортында АҚШ президенті Джордж Бушты әйелімен қабылдаған.

Дмитрий Соколовтың дауынан кейін полицейлер 2 рет тергеу ісін бастағанымен, екеуініңде нәтижесі белгісіз. Және бұл жағдайдың неден басталғандығы әлі беймәлім дейді Зерттеу орталығы.

Прижогин 1980 жылы 2 рет сотталған. Қазіргі таңда БАҚ-тың деректерінде, ол Ресей шенеуніктерін қаржыландырушы ретінде танылуда. Жемқорлықпен күрес қорының  айтуынша,  2012-2015 жылдары  «Путин аспазының» компаниясы Ресей қоғаныс министрлігіне азық-түлік тасымалдайтын  миллиардтаған контрактілеріне  заңсыз иелік еткен. 2016жылы АҚШ санкциясының тізіміне «Ресейдегі жоғарғы лауазым иелерінің демеушісі және агенті» деген атпен енген. 

Дайындаған: Арафат Дербесұлы 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір