• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 20:23:42
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 NEWS

Полиция басқармасы Алматы әуежайында тыр жалаңаш жүрген ер адамға қатысты мән-жайды айтып берді

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері әуежай маңында жалаңаш серуендеп жүрген ер адамға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері әуежай маңында жалаңаш серуендеп жүрген ер адамға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Сөйтсек, ол Алматының 1976 жылғы тұрғыны екен. 

"Бұл оқиға кеше сағат 19.45-те болған. Алматы қалалық ІІД-нің Жедел әрекет ету орталығына тыр жалаңаш ер адамның Алматы әуежайының алаңында адамдарға тиісіп жүргені жайлы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жол-патрульдік полициясының экипажы жетті. Ер адам алкогольге және есірткіге мас болған сияқты, бірақ нақты анықтау қиындық туғызды. Сұраққа нақты жауап бермеді. Қашуға тырысты, сондықтан ол ұсталып, Түрксіб аудандық ІІБ-ге жеткізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

"Дәрігерлер бригадасы шақыртылды. Олар ер адамды тексерді. Қазіргі уақытта психоневрологиялық диспансерге ер адамның есепте тұрған-тұрмағанын анықтау үшін сұраныс жіберілді. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның кім екені анықталды. Ер адам бұрын сотты болған. Ол өзінің әрекетін түсіндірмеді", - деді полициядағылар.  

Алматы әуежайында жалаңаш ер адамның ұсталғаны түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Кадрлардан бірнеше полицейдің жалаңаш ер адамды көлікке отырғызып жатқаны көрінеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір