• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 19:38:06
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2017 NEWS

Путин: Сауд Арабиясы радикалды террористерді қолдауын тоқтатпаса, оны талқандап, тас ғасырына айналдырамын

Ресейлік «Новая газета» басылымының хабарлауынша, Ресей президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков апталық баспасөз конференциясында Сауд Арабиясын...

Ресейлік «Новая газета» басылымының хабарлауынша, Ресей президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков апталық баспасөз конференциясында Сауд Арабиясын қатаң сынның астына алды. Олар Сауд Арабиясын терроризмді таратып, астаң-кестеңі шыққан Сирия елінде Аль-Каида ұйымының баскесерлерін қолдап отыр деп айыптады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Сауд Арабиясының басшылары билікке жармасып, басқа көршілес мемлекеттердің тұрақтылығы мен әл-ауқатын жою арқылы олар өздерінің қарабайыр айуандық және қатыгез саяси жүйесінің ыдырауын болдырмаймыз деп үміттенеді», - дейді жергілікті БАҚ өкілдері Ресей шенеунігінің сөзіне қатысты.

Бұдан бұрын Путин Ресей елі Сирияда тыныштық орнату жолында Сауд Арабиясының кедергі келтіруіне бей-жай қарай алмайтындығын айтқан болатын.

«Сирияны өздерінің зұлымдық ошағына айналдырған Сауд Арабиялықтарды Ресей түгін қалдырмай талқандайды. Бес жылдық азамат соғысын бейбіт жолмен шешеміз дегенге сенетін сириялық партиялар бір үстел басында жиналып, Сауд Арабиялықтардың деструктивті рөлін әшкерелеуі қажет», - деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.

Сонымен қатар, егер олар Таяу Шығыстағы радикалды террористерге көмек көрсетулерін қоймаса, Ресей Сауд Арабиясын талқандап, арабтардың шатырда өмір сүрген кезеңіндегі тас ғасырына айналдыратындығын қоса айтып кетті. 

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір