• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 13:36:15
Алматы
+35°

26 Маусым, 2017 NEWS

Желі қолданушысы әлеуметтік желідегі қандай жазбалары үшін жауапқа тартылады?

Желі қолданушылары әлеуметтік желідегі әрбір жазбалары үшін жауап береді деп хабарлайды

Желі қолданушылары әлеуметтік желідегі әрбір жазбалары үшін жауап береді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

«Бұқаралық          ақпарат       құралдары туралы»      Қазақстан Республикасының заңына сәйкес   ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналған ғаламтор желісі бұқаралық ақпарат құралдарына  жүктеледі. Яғни ғаламтор желісіне жарияланған ақпараттар БАҚ-ның еншісіне тиесілі.

Олай болса, ғаламтор желісіне жүктелген  ақпарат көздерінің сенімділігі тексеріліп, белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың  құқықтары қорғалуға міндетті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің  274 бабына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті бұзып, қатер тудырушыларға,  жеке бас құқығын таптаушыларға  бес мың айлық көрсеткішке дейін айыппұл төлеу немесе дәл осы мөлшерде қоғамдық жұмысқа  салу жазасы немесе  екі жылдан  бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір