• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 14:00:49
Алматы
+35°

26 Маусым, 2017 NEWS

Головкинге Канелодан кейін жекпе-жек өткізуге болатын 9 боксшы ұсынылды

Boxingnews24.com сайты WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) Сауль...

Boxingnews24.com сайты WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жектен кейін кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін топшалап көрді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Головкин "Канеломен" өткізетін жекпе-жектен кейін қайта мекикалық боксшымен екінші кездесу (реванш) өткізуі ықтимал немесе  Билли Джо Сондерспен, Андре Уордпен, Дэниэл Джейкобспен, Джермалл Чарломен, Давид Лемьемен, Джордж Гроувзбен, Джеймс Дигейлмен, Каллум Смитпен немесе Хильберт Рамирес секілді боксшылармен кездесуі өткізуі мүмкін", - делінген сайтта.

Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың "T-Mobile Arena" спорт кешенінде өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де тікелей эфирден көрсетіледі. 

Шолушы: Айгерім Таубай
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір