• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 13:50:30
Алматы
+35°

28 Маусым, 2017 NEWS

Жедел: Әлем бойынша вирустық шабуыл жасалды

27 маусым күні ауқымды түрде энергетикалық, ақпараттық компанияларға және де бірнеше елдердің мемлекеттік қызметкерлеріне вирустық шабуыл жасалды, деп...

27 маусым күні ауқымды түрде энергетикалық, ақпараттық компанияларға және де бірнеше елдердің мемлекеттік қызметкерлеріне вирустық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Бірінші кезекте, вирустық шабуыл Украина елінің мемлекеттік қызмет орнындағы компьютерлерге, олардың банк жүйелеріне, сонымен қатар Чернобль аймағындағы банк серверіне жасалған. Хакерлердің шабуылдарына мына 10 мемлекет ілікті: Украина, Италия, Израиль, Сербия, Венгрия, Румыния, Польша, Аргентина, Чехия мен Германия.

Деректерге сәйкес, вирустар фишинг электронды хаттар немесе WannaCry әдісімен Double Pulsar Eternal Blue локалды желілері арқылы таралған.

Таралған вирустар компьютерлерді құлыптап, олардан $300 қаражатты талап етеді екен. Қазақстан Республикасы аумағына мұндай вирустарды жібермеу үшін сайт беттері мен әлеуметтік желілерде хабарландырулар таралған. Сонымен қатар АҚ «НИТ» пен Астана ЭКСПО-2017 байланыс операторларына ескертілді.

Ұсыныс қызметі 1024-1035 ТСР порттарын жабу мен Server Message Block жеоісіндегі деректерді беру хаттамасын жабудан тұрады. Сонымен қатар шифрлеуші пайдаланатын алгоритм осалдығын жабатын MS17-010 жаңарту бағдарламасын жүктеп алу ұсынылады. 

Зақымданған жағдайда компьютерді өшірмей құрылғыны интернеттен өшіру үшін гибернация режиміне қосу қажет. 

Қазақстан Республикасы аймағында компьютерлердің зақымданғаны жайлы ақпарат Министрлікке немесе ведомстволық бағыттағы ұйымдарға келіп түскен жоқ.

Қазіргі таңда интернетке кіру үшін бір шлюзге қосылған мемлекеттік қызметкерлердің компьютерлерін қорғау ісі қолға алынды.

Шолушы: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір