• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 14:34:30
Алматы
+35°

29 Маусым, 2017 NEWS

Павлодарда қағаз пакеттен өлі сәби табылды

Павлодарда куәгерлер жантүршігерлік оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды

Павлодарда куәгерлер жантүршігерлік оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 1 Мамыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен ішінде сәби жатқан қағаз пакет табылған. Пакетті жергілікті   пәтер иелері кооперативінің аула сыпырушысы тауып алған. Куәгерлердің айтуынша, үйлердің бірінің алдында қалдырылған пакеттің ішіндегі сәби өлі болған. "Бүгін таңертең аула сыпырушы кіреберіс жердегі қоқыстарды шығарып тастамақшы болды. Содан бір пакетті байқаған, қараса ішінде өлі сәби жатыр. Бірден полиция шақырдық. Басқа ештеңе білмейміз", - деді тұрғындар.

Сондай-ақ, тұрғындардың айтуынша, олар өздерінің үйінде жүкті әйелді байқамаған. "Бұл пакетті бізге біреулер қалдырып кеткен болуы мүмкін", - дейді олар. Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, бала шала туылған. Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірше ешқандай пікір білдірген жоқ.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір