• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 14:34:34
Алматы
+35°

29 Маусым, 2017 NEWS

САУАЛНАМА: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЕЛІМІЗДІҢ САЯСИ ӨМІРІНЕ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТАДЫ?

Елбасымыздың жарлығына сәйкес маусым айында  ҚР Парламенті Сенатының депуттарын сайлау 

Елбасымыздың жарлығына сәйкес маусым айында  ҚР Парламенті Сенатының депуттарын сайлау өтті. Сенаттың 16 депутаттық мандатына 38 үміткер тіркелді. Сенат депутаттарын сайлау аяқталып, қорытындысы жарияланды.

Осы тұста Сенат депуттарын сайлауы туралы,   халықтың елімізде орын алып жатқан саяси жаңалықтармен қаншалықты таныс екенін білу үшін Қамшы ақпараттық агенттігінің журналисі Алматы қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргізді. Айта кетсек, сауалнамаға әртүрлі жастағы 35 адам қатысты. Оның ішінде 4 адам журналистің сауалына жауап беруден бас тартты. 

 Жүргізілген сауалнама нәтижесінде 35 адамнан 4 тұрғыны ғана елдегі саяси жаңалықтан хабардар болып шықты. Аталған 4 тұрғынның өзі Сенат сайлауының өткелі жатқанын теледидардан көргендерін айтты. Алайда кім сайланды, сайлау қалай жүргізіліп жатқанына еш қызығушылық танытпағандарын жеткізді.

61 жастағы зейнеткер: "Бірнеше күн бұрын теледидардан осы жаңалықты естідім. Алайда белгілі бір себептермен сайлаудың қалай жүргізіліп жатқанын қарауға мүмкіндігім болмады. Елдегі саяси жаңалықтарға қызығушылығым ерекше, барлық жаңалықтарды үзбей қарауға тырысамын. Еліміздегі депуттардың сайлауы ел үшін аса маңызды саяси жаңалық" деген пікір айтты. 

54 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Сенат депутаттарын сайлау 28 маусым күні өткізілгенін айтып, сайлаудан өтетін адамдардың барлығы алдын-ала белгілі болады деген пікір айтты.  Оның себебі Сенат депутаттарын Мәслихатта сайлайды,  халықтың таңдауына салмайтынын тілге тиек етті.

50 жастан асқан тұрғындар ғана елдегі саяси жаңалықтармен салыстырмалы түрде біршама  таныс болып шықты. Әрине, көпке топырақ шашпаймыз, алайда тұрғындардың арасында жұмысты сылтау етіп, жаңалық қарауға уақыттары жетпейтіндерін айтқандар да табылды.

Сауда орталығында күзетші болып қызмет атқаратын 25 жастағы ер адам "Мен саясатқа қызығамын. ЭКСПО-ның жаңалықтарын қараймын. Күні кеше орын алған казармадағы баланың ауыр жағдайымен де таныспын. Алайда Сенат депуттаттарының қалай , қашан  сайланып жатқанын, кімдердің дауыс беріп жатқанын білмеймін" деген пікір айтты. 

Ал 20 мен 30 жас арасындағы жастар қарбалас тіршілігін айтып, саясаттан хабарсыз екендерін айтты. Олардың арасында Сенат депутаттарының қандай іспен айналысатынын білмейтіндер де бар.

"Сенат депутатарының сайлауы жайлы жаңалықтардан көргенмін, бірақ олардың тіпті қандай іспен айналысатынын да білмеймін" деп қысқа жауап берді 20 жастағы студент қыз. 

Халықтың басым көпшілігі , оның ішінде әйелдер қауымы журналистің сауалына жауап беруден бас тартты. Оның себебін қарапайым халық Сенат депутаттарын сайлаудан ешқандай зиян шегіп отырған жоқ деп түсіндік. Айтары болмаған тұрғындар елдегі саяси жаңалықтан бейхабар екендерін қалыпты деп санайтындарын жеткізді.  Ал көшеде құлаққап тағып, жан-жағындағы әлемнен бөлектеніп жүргендер көптеп кездеседі.

«Сенат депуттаттарының жаңадан сайлануы ешқандай елге өзгеріс әкеліп жатқан жоқ, олардың барлығы орыстағы  «спящая царства» секілді»  деп өткір пікір  айтты 50 жастағы дәрігер болып қызмет атқаратын алматылық тұрғын.

Ал Сенат депутаттарының жаңадан сайлануы, басқа да саяси жаңалықтардан бейхабар  30 жастағы ер адам : "Бізде бәрі жақсы. Депутаттардың сайлануы да жақсы. Біз секілді қарапайым халық үшін елдегі тыныштық пен береке сақталуы бірінші орында " деп өзінің жүрекжарды тілегін де білдірді. 

Қорыта келгенде, халықтың басым көпшілігі Сенат депутаттарын сайлау туралы жаңалықпен таныс емес. Депутаттардың қандай қызмет атқаратынын білмесе де, олардың еңбегіне көңілі толмайтындар да табылды. Сонымен қоса өткір сынның астына алғандар да бар.  Ал халықтың елімізде болып жақан соңғы саяси өзгерістерден хабардар болмауы тіршілік үшін жасалып жатқан қарбалас жұмыстан ба, әлде халық арасында дұрыс насихаталмау салдарынан ба ол жағы беймәлім...

Сауалнама жүргізу барысында Қазақстан тұрғындарының елде орын алып жатқан елеулі өзгерістерге, саяси жаңалықтарға немқұрайлы қарайтындарын байқадық. 

Сауалнаманы жүргізген : Айгерім ТАУБАЙ

 

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір