• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 08:24:56
Алматы
+35°

13 Шілде, 2017 NEWS

Сәтпаев қалалық соты Сәтпаев әкімдігі ғимаратында жанжал шығарған екі адамды тұтқындауға қатысты шешім шығарды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ақпарат Сәтпаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде жарияланған.

«Сот қаулысымен Асқар Қошанов пен Берік Жағыпаров «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, оларға бес тәулікке әкімшілік тұтқындау түрінде жаза тағайындалды», - деп хабарлады Сәтпаев сотының баспасөз қызметінде.

Жазаланғандардың шешімге шағымдануы үшін он тәулік бар. Олар қаулы жарияланғаннан кейін бірден тұтқындалды.

Еске сала кетейік, 11 шілде күні Сәтпаев қаласының әкімдігінде төбелес болды. Оқиға әкім орынбасарына келген азаматтардың қабылдаудан шығып бара жатқан уақытта болған. Деректерге сәйкес, әкімдіктегі қызметкерлер азаматқа видеоға түсіргуе тыйым салған, алайда азаматтардың ол талапты орындамауларының салдарынан арада жанжал туған. Соңында төбелеске ұласып, әкімдік қызметкері ауруханаға түседі

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір