• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Мамыр, 08:24:40
Алматы
+35°

26 Шілде, 2017 Әлеумет

Атамбаевқа сұрақ қойған журналист жұмысынан қуылды

Атамбаев оның сауалы өсек-аянға құрылғанын айтып, журналистке «кәсіби болуын» ескерткен.

Super.kg сайтының журналисі Автандил Добулбеков Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа қойған сұрағынан кейін жұмыстан қуылғанын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Атамбаевтың журналистермен кездесуі 24 шілдеде Шолпан Атада өткен.

«Президенттің баспасөз конференциясынан кейін жұмысқа келсем, редакция маған тосын сый дайындап қойыпты. Көрісерміз!», - деп жазды журналист өзінің Фейсбуктегі парақшасына. Сайт басшылығы қандай да бір пікір беруден бас тартты.

24 шілдеде өткен Атамбаевтың баспасөз конференциясында Добулбеков президенттен "қырғыз халқын неге жиі сынайсыз?" деген сұрақ қойған. Атамбаев оның сауалы өсек-аянға құрылғанын айтып, журналистке «кәсіби болуын» ескерткен.

Super.kg сайты мен "Супер инфо" газетінің иесі - Қырғызстанның Малайзиядағы бұрынғы елшісі - Қылышбек Сұлтанов. Ол қызметінен 2016 жылы тамызда кеткен, себебі Қырғызстан конституциясының өзгеруіне қарсы шыққан. Кейін елші Facebook желісінде Атамбаевтан кешірім сұраған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір