• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
26 Тамыз, 10:47:23
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

02 Қараша, 2017 Кәсіпкер

Қырғыз балалар Назарбаев пен Атамбаевты татуластыру үшін флешмоб жасады

Белгілі күйді Жұмамудун Шералиев атындағы №6 өнер мектебінің оқушылары орындады.

Бішкекте троллейбус ішінде балалар музыкалық флешмоб жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Байқағанымыздай, музыкалық ансамбль қазақтың әйгілі «Ата толғауы» композициясын орындады, әрі әуен қырғыз халқының ұлттық аспаптарымен орындалды.

Оқиға сәрсенбі күні, 1 қарашада №4 троллейбустың ішінде орын алған. Белгілі күйді Жұмамудун Шералиев атындағы №6 өнер мектебінің оқушылары орындады.

Өнер мектебінің оқытушысы Толгонай Османованың айтуынша, дәл осы әуенді өздері арнайы таңдаған. Бұл Қазақстан мен Қырғызстанды татуластырудың бірден бір қадамы.

«Қазақ пен қырғыз халқы бірге болуы тиіс, саяси мәселелерге бола арасы алшақтамаса дейміз. Екі халықтың татулықта өмір сүргенін қалаймыз. Флешмобты «Татулық» деп атауға болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір