• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:02:32
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2015 NEWS

Елбасы қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды

ХХ ғасырдағы нәубетті кезең барша Қазақстан халқын жақындатты.

ХХ ғасырдағы нәубетті кезең барша Қазақстан халқын жақындатты.

Бұл туралы бүгін Астанада “Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр” тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

“ХХ ғасырдың басынан бері Қазақстанға 5,6 млн адам қоныс аударды. Ал сол кезде жалпы Қазақстанның халқы 6 миллионға жуық (жергілікті қазақтар) болатын. 5,6 миллион адам жасанды іс-қимылдар арқылы елімізге көшірілді. Бұл мәліметтер Қазақстан ежелден осылай көпұлтты болды деп санайтын тарихты білмейтіндердің назарына”, – деді президент.

Осы орайда елбасы еліміздің халқы өткен ғасырда орын алған оқиғаларды есте сақтауы керектігін атап өтті.

Сталиндік қылмыстық ұжымдастырудың салдарынан 1,5 миллион қазақтың аштан қырылғанына, сол кезеңде халықтан күнкөрісі болған малды тартып алғандығына тоқталған мемлекет басшысы: “Қоныс аударылғандар ғана емес, баршамыз қайғы-қасіретті бастан өткердік. Сондықтан бір-бірімізге жақындықты сезінеміз”, – деді.

ИА "Казинформ"
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір