• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

03 Қаңтар, 2019 NEWS

Марқұм Динараның інісі: «Бізден ешкім кешірім сұрамады...»

Елді елең еткізген жол апаты Алматы қаласында орын алып, дүйім жұрттың қабырғасын қайыстырып кетті

Жол қателікті кешірген емес. Қаншама адамдардың күнделікті өмірі жол апатының салдарынан қиылуда. Елді елең еткізген апат Алматы қаласында орын алып, дүйім жұрттың қабырғасын қайыстырып кетті. Бір ғана қателік бірнеше адамның жарық дүниемен қоштасуына себеп болды. Абайсызда жасады деп те айтуға ауыз бармайды. 

Өткен жылдың 29 желтоқсанында болған жол апаты бір емес, үш адамның өмірін жалмап, тағы біреуін аурухана кереуетіне байлап қойды. Ешкімнің де басына салмасын мұндай қайғыны...

♦Жантүршігерлік жол апатында қайтыс болған үшінші адам кім?

Бүгінгі әңгіме осы қазалы оқиғаның құрбаны Динара Хамитова жайында болмақ. Қайғылы қазадан соң әлі есін жиып үлгермеген марқұмның туыстары бізбен аз-маз естеліктерімен бөлісті. Сайтымызда марқұмның әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы жарияланған болатын.

«Динара 1978 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Балалық шағын туған қаласында өткізіп, кейін Астанаға көшіп, сол жерде жұмыс істеп жүрді. Кейіннен 2018 жылдың тамыз айында Алматыға көшіп келді.

♦Марқұмның соңғы жазбасы...

Динара сол оқиғада көз жұмған актриса Шолпан Елгезекованың жақын құрбысы еді. Барлық мерекелерді бірге тойлатып, бір-бірінің туыстарымен де жақсы араласатын. Ата-анасының жалғыз қызы еді, артында бауырлары – ағасы мен інісі қалды және өзінің екі баласы бар...» - дейді Динараның інісі Азамат Хамитов.

Белгілі болғанындай, жол апатына кінәлі Кар Ильяс Исмарович бұл оқиғадан кейін Динараның отбасына хабарласып, кешірім де  сұрамаған.

«Біз мәйітханадан оның денесін алып кеттік те, Көкшетауға апарып жерледік. Бұл уақытқа дейін біз кінәлі тараптан ешкімді көрмедік, ешбірі бізге хабарласқан жоқ. Шолпан әпкенің туыстары сотқа беріпті деп естідім, бір-екі күнде біз де Алматыға келіп, кінәлі азаматтың өзіне лайықты жазасын алуы үшін барынша тырысамыз. Барлығын заң аясында шешетін боламыз», - дейді.

Азамат Хамитов әпкесінің өте ашық-жарқын, көңілді адам болғанын еске түсіріп, оның болашаққа құрған жоспары көп болғанын айтады.

«Динара бәрімізге туғанымыздай болып кеткен. Өзі үнемі көңілді жүретін, өмірге құштар жан еді. Кез келген мерекеде басымызды қосып, бәрімізді бір дастархан басына жинап отыратын. Ол күн секілді айналасын нұрландырып жүретін еді...» - дейді Азамат.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

5 пікір

кыргыз 15 Желтоқсан, 2016

За то бызде казыр жогаргы кенеш , призидент елмен санасады, рахмет улкен

қырғыз баурыма 15 Желтоқсан, 2016

сонда не біздің елбасы халық пенен санаспайды деп түсінесіңбе қайта біздің елбасы жастарға барлық жағдай жасап беріп жатыр

қазақ 15 Желтоқсан, 2016

ата-баба іштен шықан жау жаман деп бекер айтпаған осындай оңбағандар елге іріткі салмаса екен алла өзің жар бол қазақ еліме

БАГЫС 16 Желтоқсан, 2016

ҚЫРҒЫЗ ДЕМОКРАТИЯСЫНА, ОППОЗИЦИЯНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ БІЗДІҢ НАЗАРБАЕВҚА ҮЛКЕН СЕС. ӨЗІҢ КЕТ. КЕТПЕСЕҢ ОППОЗИЦИЯНЫ КӨТЕРІП ҚАРЖЫЛАНДЫРАМЫН ДЕГЕН СИГНАЛ. АЛЛА ЖОЛЫҢДЫ АШСЫН. АЛТЫНБЕК ПЕН ЗАМАНБЕКТІ ӨЛТІРТКЕННЕН КЕЙІН ОППОЗИЦИЯ ӨЛГЕН. БАР АҚШАҢДЫ ЖЕКЕ ӨЗІНЕ ЖҰМСА. КӨРЕТІН ҚОРЛЫҒЫҢДЫ КӨРІП БОЛДЫҢ ҒОЙ. ЕНДІ ӨЗІНЕ КӨРСЕТ.

оралман 16 Желтоқсан, 2016

багыс баурым тек мнеің түсінбегенім неге оны қолдап отырсың жалпы өзім көшіп келдім шымкент түлкібас ауданына жалпы жағдайым жақсы еңбек етіп дүкен ашып қәзір ваныкпадағы базарда бір десем өтірік болар екі дүкенім бар аллаға шүкір елбасыдан жамандық көрмедім аллаға шүкір осы дүкенің арқасында бала шағамды бағып отырмын тек бір жағдай бар салық жинаушылар және сэс мамандары менен керсіп қаламын кеше былай айтыңдарғо неге бүгін былай деп жалпы жағдайым жақсы алла шүкір мен елбасыға еш өкінбеимін егер осы кісі келіп елге бүлік салатын болса соңғы оғым қалғанша елді сосын елбасыны қорғап өтемін