• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

08 Қаңтар, 2019 NEWS

Денис Теннің өлімі: Куәгер екі полицей оқиғаның қалай болғанын баяндады

Оқиға орнына бірінші келген полицейлер сот залында сөйледі.

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оқиға орнына бірінші келген полицейлер сот залында сөйледі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Куәгер ретінде келген полиция қызметкері Еркінбек Ердос Еркінбекұлы оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Ол - Түрксіб аудандық полиция бөлімінің жол-патруль полициясының взвод командирі.  Айтуынша, сол сәтте Масанчи көшесіндегі ауданда болған екен. Ал төбелес Құрманғазы және Бәйсейітов көшелерінде орын алған.

«Сол күні таңнан бері Масанчи көшесіндегі ауданның қоғамдық тәртібіне жауап беру үшін жұмысқа шықтым. "Шевченко-Бәйсейітов көшесінде пышақ жарақаты болды" деген хабар алдым да, бірден соған қарай жүйткідім. Ол жерге Қабанбай батыр мен Абылай хан көшелері арқылы бардым, тез жету үшін жол ережесін бұзуыма тура келді», - деді ол.

Айтуынша, оқиға орнына Абылайхан көшесі арқылы келгенде, кәмелет жасқа толмағандардың ісімен айналысатын инспекция қызметкерін көрген. Ол біреудің артынан қуып жүрді.

«Ол маған қол бұлғап, жол көрсетті. Мен тоқтап, онда ешкімнің жоқ екенін айттым. Ол менің көлігіме отырып, оқиға орнына жеттік. Жолда маған күдіктілердің қандай киімде болғанын түсіндірді. Оның айтқандарын рация арқылы хабарлап отырдым», - деді полицей сот залында.

Полиция өкілдері рация арқылы хабар алғаннан кейін оқиға орнына 4-6 минуттан соң жеткен екен.

-«Ол жерде 5-6 адам тұрды. Зардап шегуші жерде қансырап жатты. Алайда теріс қарап жатқандықтан алғашында кім екенін біле алмадым. Жарақатының айналасы футболкамен байланған екен. Адамдардан дәрі қобдишасын сұрадым. Жедел жәрдем келгенше, алғашқы көмек көрсеткім келді. 10-12 минуттан соң жедел жәрдем келді. Рация арқылы олардың тез келуін екі-үш рет қайталап айттым», - деп қостады сөзін.

Сонымен қатар, сот залына екінші куәгер полицей Сержан Адалбай келді. Ол -  Алмалы аудандық полиция бөлімінің жол-патруль полициясының қызметкері. Ол оқиға орнына рация арқылы хабар алған соң 10 минуттан кейін келген.

♦Екі полицей өз парызын адал атқарғанда, Денис Тен тірі қалар ма еді?!

-«Сағат шамамен 14.30-да Байсейітов-Құрманғазы көшелерінің қиылысында "пышақ жарақатымен болған төбелес болды" деген хабар алдым." Жақын аудандағы полицейлердің бәріне сонда барсын" деген бұйрық түсті. Мен ол кезде Мұқанов-Құрманғазы көшесінде болғанмын. Оқиға орнына 10 минутта жеттім. Адамдар зардап шегушіні қоршап алған. Кафе қызметкерлері спирт әкеліп, жарақат орнына жақты. Жедел жәрдем 4 минуттан соң келді. Жақын маңда авто әйнектерге толы сөмке жатты. Сөмке терезесі алынған Lexus көлігінің жанында жатыр екен. Көлікті де қоршауға алдық», - деді куәгер-полицей.

-«Мен барғанда взвод командирі Еркінбек те сонда болды. Қалғандары кейін келді. Зардап шегуші ессіз жатты. Куәгердің бірі «жас жігіттердің төбелесіп жатқанын» көргенін айтты. Кейін полиция шақырған. Басты куәгер балалар алаңында басқа да куәгерлердің болғанын айтты. Алайда, оларды таппадық. Оқиға орнынан тек бір куәгерден түсініктеме алдық», - деді полицей.  

♦"Денис Тенді тапсырыспен өлтірген болуы мүмкін"

Елдің мақтанышы, қазақстандық фигурист Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде қайтыс болды. Денис өзінің көлігіндегі айнаны ұрламақ болған екі ұрыны байқап қалады. Ұстамақ болғанда, олардың бірі санына пышақ салып жібереді. Көп қан жоғалтқан Денис Тен ауруханада қайтыс болды. Денистің жасы небәрі 25-те еді.

♦"Мен ұрлық жасамадым, Денис Тенді өлтірмедім" (фото)

Фигуристің ісі бойынша бүгінде үш күдікті анықталып отыр: Олар - Арман Құдайберген, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір