• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

11 Қаңтар, 2019 Әлемде

100 миллионға азайған қытайлар шаштарын жұлып жатыр

...Ал біз жиырма миллионға қалай жетеміз деп жағымызды таянып әлі отырмыз.

Қытайлар осылай деп әлемге дабыл қағыпты. Аспанасты елінің Демографиялық институтының мәлімдеуінше, 1965 жылы Қытайда 1 миллиард  248 миллион халық болса, қазіргі саны  1 миллиард 172 миллион ғана екен. Осылайша, халқының 100 миллионға азайып кеткенін жер бетінен жоғалып кетуіміз мүмкін деп ойбайлап, шашын жұлып жатыр.

Құдай-ау, бар-жоғы 18 миллион халқы бар Қазақстанның шықпаған жаны екен де. Біз Шымкент тұрғындары бір миллионға жетіп, мегополис болды деп дуылдап жүрміз. Ал Қытайдағы шағын-шағын қалаларда ең кемі 5 миллион халықтан  тұрады екен.  

Қытай экономикасының өсуі бір жағынан жұмыс қолының көптігіне де тікелей байланысты. Сол жұмыс қолының көбісі шет елдерге аттандырылған. Олар енді қайтадан өз еліне барғысы келмейді. Оның үстіне Қытай саясаты да бұл мәселені қолдайды: әлемді жаулау үшін олардың өзге мемлекеттерде өсіп-өркендей бергені тиімді.

Қытай ХХ ғасырды 400 миллиондық халық  санымен аттаған екен. Одан бергі бір ғасырда  қанша есеге өскенін көріп отырсыз. 1949 жылдан кейін  билік басына келген  Мао Цзедун  «Көп халық – күшті ел» деген ұран көтерген. Сол екен,  қытайлар итше күшіктеген. Мао сол кезде барып қателескенін түсінген. Сонша халықты ішіп-жеммен тойындыру жағын ойламаған екен де.

Маоның орнына келген Ден Сяопин «бір отбасыға – бір бала» заңын енгізген. Содан қытайлар қыз туса шарана кезінде өлтіріп, тек ұл туса ғана біреуін қалдырып отыруға мәжбүр болған. Сол себепті Қытайда еркектер саны есепсіз өсіп кетіп, бір әйелге бірнеше еркектен келеді. Оның үстіне бұл жағдай халықтың қартаюына әкеліп соққан, сондықтан қытайлар   2016 жылы «бір отбасыға – бір бала» заңын  тоқтатуға   мәжбүр болды. Одан бері үш жыл өтсе де демографиялық дүмпу байқалмаған. Сөйтсе, еркек саны есепсіз көп болғандықтан, қытай қыздары байға тие алмай қалам деп қорықпайды екен де, жастары отыз бестен асқанша бұлғаңдап жүре береді екен. Отыз беске дейін еркін жүріп қалған қытайлықтардың көбісі  ары қарай бала туудың өзін күш көріп, одан да бөтен сәбиді  асырап алғанды құп көретін болыпты. Міне, мәселе қайда жатыр?  Қытайлардың  жер бетінен жоғалып кетеміз деп дабыл қағып жатуы да сондықтан!

...Ал біз жиырма миллионға қалай жетеміз деп жағымызды таянып әлі отырмыз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір