• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қазан, 15:57:26
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

22 Қаңтар, 2019

Димаш атақ-даңқ туралы: Жанкүйерлерім мені мінсіз адам ретінде көреді, бірақ... (видео)

Мені ешкім танымады. "Кім? Қайдан келді?" деген секілді сұрақтар жиі қойылды.

Димаш Құдайбергенов қырғызстандық BBC бағдарламасына сұхбат берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш сұхбатта Димаш Құдайбергенов Лондонда өткен концерт туралы, өзінің шығармашылығына мен танымалдылығына қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді. 

— Қытайда өткен байқау сахнада бірнеше жыл өнер көрсеткен 30-40 жас аралығындағы танымал, кәсіби әншілердің қатысуымен өтті. Алғашында бұл байқауда менің ғана атақ-даңқым болмады. Мені ешкім танымады. "Кім? Қайдан келді?" деген секілді сұрақтар жиі қойылды. Шыны керек, бұл байқауға мені тәжірибе ретінде шақырған болатын. Ұйымдастырушылардың бірі мені байқап қалып, өз ұсынысын айтты. Бұған дейінгі мен қатысқан байқаулар "I am singer" жобасына жол ашса, Қытайдағы байқау қазіргі танымалдылығыма оң әсерін тигізді. Бәрі өз кезегімен, бір Жаратушының қалауымен болды, - дейді Димаш. 

Сондай-ақ Димаш журналистің "не үшін өз тыңдармандарыңды "қымбаттыларым" деп атадың?" деген сұрағына да жауап берді. 

— Жанкүйерлердің әртіске "жұлдыз" деген атақ беретіні бар. Менің тыңдармандарым да мені жұлдыз деп бағалап, құрметтеп жатады. Сол себептен олар мен үшін қымбат, жаныма жақын. Жанкүйерлерім отбасымның бір мүшесі болғандықтан, мен үшін қымбат болғандықтан оларды "қымбаттыларым" деп атаймын. 

Қырғыз журналисі әлемдік атақты қалай қабылдағанын сұраған кезде Димаш Омар Хаямның сөзін тілге тиек етті. 

— "Бақытты әрі бай адамға қызықпаңыз. Себебі, атқан таңның батар сәті болады". Бұл - Омар Хаямның сөзі. Әрбір жақсылық немесе жамандық — өткінші дүние. Мысалы, адамның рухани құндылығы мен үшін кәсібилігінен жоғары тұрады. Себебі біз өмірге адам болу үшін келдік. Әнші, мұғалім, әртіс болу үшін емес. Сол себепті адамгершілік қасиетті, рухани құндылықтарды сақтап қалу - біздің ең басты парызымыз.  Ата-анам "Димашқа дұрыс тәрбие бермеген", - деген жаман атқа қалмау үшін өз-өзімді барынша жерге түсіріп, есеп беріп жүремін. "Жұлдыз ауруы кез келген әншіде болады, уақыт өте келе басылады" деген пікір қалыптасқан. Алайда жұлдыз ауруы ешқашан басылмайды. Егер әнші, әртіс өзінің шығармашылығына белгілі бір кәсіп ретінде қарайтын болса, аздап сабырлылық танытса, барлығы өз орнында болар еді. Әрине мен өз тыңдармандарыма алғыс айтамын. Бірақ олар кей кездері тым әсірелеп, мені мінсіз адам ретінде көреді. Десе де менің де ашуланатын кездерім болады, менің де достарыммен қыдырып, көңіл көтеретін кездерім болады. Жалпы айтқанда мен қарапайым адаммын. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір