• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 08:03:04
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

22 Қаңтар, 2019 NEWS

Азат Перуашев көшелерге Алаш қайраткерлерінің есімін беруді ұсынды

Бұл жөнінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінің атына тиісті хат жолданды

Азат Перуашев аймақтар мен қалалардағы көше, мекеме атауларына 750-ге жуық Алаш қайраткерлерінің есімін беруді ұсынды. Бұл жөнінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдерінің атына тиісті хат жолданды.

Аталған 750 арыстың тізімі жасалып, тіпті, олардың қай өңірде, қай қалада дүниеге келгені, қайда қызмет еткені де анықталды. Бұл жинақталған тізім әкімдерге жіберілді.

«Ақ жол» партиясының төрағасы хатта «осы бағыттағы жұмысты жалғастыру – бүкіл қоғамымыздың және жаңғырған заманымыздың өзекті талабы. Мысалы, «ақжолдық» депутаттардың сауалына берілген ресми ақпарат бойынша ел ауқымында Ленин (506 көше), Киров (54 көше), Маркс (40 көше), Крупская (28 көше), Свердлов (24 көше), Энгельс (23 көше) атындағы көшелер, мекемелер мен аймақтық атаулардың тапжылмаған күйі тұрғаны түсініксіз», - деп мәлімдейді.

Сол себепті «Ақ жол» әкімдерден аймақтар мен қалалардағы көше, мекеме атауларына еліміздің тағдырына еш қатысы жоқ адамдардың орнына, бірінші кезекте ұлт тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен Алаштың көрнекті қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынып отыр.

«Алаш арыстарын ұлықтау – ешбір басқа этносқа қарсы бағытталған бастама емес. Керісінше, біздің ойымызша, Алаш мұраты бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп, еліміздің нағыз ұлттық идеясына айналуы тиіс», - делінген ресми хатта.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір